РКС: Жер қойнауына қатталған көмбені тауып, жаңалық ашу, олардың қандай тереңдікте жатқанын, көлемін анықтау, бір сөзбен айтқанда кен өндіруге қатысты ерекшеліктерді егжей-тегжейлі зерттеу дәл осы бүгінгі кәсіби мерекенің иегерлері – геологтарға жүктелген. Өткен жылы Солтүстік өңірдегі пайдалы қазбаларды барлау жұмысына 7,8 миллиард теңге инвестиция жұмсалып, бірнеше жаңа кен орындары анықталған.
СНХ: ҚАНАТ ЫДЫРЫСОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қазақстанның ондаған мың геологының еңбегімен құрылған минералды-шикізат кешені бүгінде отандық экономиканың маңызды саласын құрайды. Өнеркәсіптік өндірісті дамыту да осы сала мамандарының сіңіріп отырған еңбегі сүбелі. Еліміздің жоғары технологияға көшу үдерісінде де геолог мамандарына артырлар жүк айрықша.
РКС: Салтанатты жиынға шақырылған құрметті ардагерлердің қатарында Берді Бекмағамбетов те бар. Қазақстанның құрметті геолог-барлаушысы жер қойнауының байлығын іздестіру ісінде қырық жылдан аса табанды еңбек еткен.
СНХ: БЕРДІ БЕКМАҒАМБЕТОВ, АРДАГЕР ГЕОЛОГ Өзім 15 жыл далада істедім. Тәрбие алдым үлкен кісілерден. 01-45Ең көп шикізатты біз 70-90 жылдары бердік. 02-09 Қазіргі жастарға жеңіл условия бізге қарағанда, копьюетер бар. Бірақ, жердің астын табу үшін сезім керек, оқу керек.
РКС: Қазіргі таңда елімізде геологтарды дайындайтын жоғары оқу орындары аз. Соған сәйкес кәсіби мамандардың қарасы да санаулы. Бұл ретте оқытушы-мамандар геология саласының деңгейін көтеру үшін алдымен тәжірибелі мамандар даярлауға көңіл бөлу керек деп есептейді.
СНХ: ХАСЕН ӘБСӘЛЯМОВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ///00-23 Біздің Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығын да табуға болады. Сондықтан да, бізде әлі барлануы тиіс жерлер көп. Қазір еліміз бойынша санаулы оқу орындары ғана геологтарды дайындайды. Оның өзінде көпшілігі колледждер. Жоғары білімді маман даярлау ісін қолға алу қажет.
РКС: Геологтар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында геология саласының дамуына сүбелі еңбек сіңірген жандарға «Жер қойнауының құрметті барлаушысы», «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгілері табысталып, бірқатар геолог Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен облыс әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.
Ә. ҚАМАТАЙҚЫЗЫ
Көкшетау жаңалықтары мен оқиғалары, Ақмола облысының соңғы жаңалықтары, Көкшетаудағы соңғы жаңалықтар