ДИКТОР: Атбасар ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Қазір 60-қа жуық зейнеткер бос уақытын ұтымды өткізуде. Сонымен бірге әлеуметтік желіні де тиімді қолдануды үйреніп жүр. Тілші баяндасын.
РКС: Атбасарлық зейнеткерлер белсенді өмір сүру үшін жас ерекшелігі еш кедергі емес дейді. Орталықта олар йога, үстел теннисімен айналысады, бассейнге барады және скандинавиялық серуендеуді үйренеді. Олардың көпшілігі жаңа таныстар тауып, бірге бос уақыттарын өткізуде.
СНХ:КҮЛӘЙ ДҮЙСЕМБАЕВА:ЗЕЙНЕТКЕР: Ең алдымен қарым-қатынас. Бұл жерде мен өзімнің замандастарымды таптым, тіпті бір кездері көз жазып қалған туысқаныммен де дәл осы жерде қайта қауыштым. Осындай орталықтың ашылғанына қуаныштымын.
РКС: Жасыратыны жоқ, көп ретте зейнеткерлер алаяқтардың құрығына көп ілінеді. Сондықтан, орталықта қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылады. Қарияларға мобильді қосымшаларды және әлеуметтік желілерді дұрыс қолдану тетіктері үйретіледі.
СНХ:НҰРГҮЛ РАХЫМЖАНОВА, БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қаржылық сауаттылықа қатысты сабаққа қызығушылықтары өте жоғары. Біз оларға нені жүктеу керектігін, ненің болмайтынын түсіндіреміз. Instagramды қалай пайдалану керектігін көпшілігі біле бермейді. Бүгінде барлық әлеуметтік желі өзекті. Біз осының барлығын түсіндіреміз.
РКС: Белсенді өмір сүру орталығы Атбасар ауданы үшін бірегей жоба болып отыр. Жергілікті зейнеткерлер өзін-өзі дамытумен қатар, денсаулықтарын нығайтады. Сонымен бірге жан-жақты қолдау да алады.
СНХ: НАДЕЖДА РАЙЛЕ: АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Қазіргі заманғы әлемде ұзақ өмір сүру мәселесі өзекті. Өмір сүру ұзақтығымен қарттардың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар олардың қоғамға белсенді қатысуы үшін де жағдай жасау маңызды. Ал, бұл орталық-зейнеткерлер үшін физикалық тұрғыдан белсенді айналысуға арналған орта.
РКС:Ауданда балаларды оңалтуға да ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін Атбасарда аутизм спектрінің бұзылуы және психикалық даму диагнозы қойылған балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді. Орталық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
СНХ: НАТАЛЬЯ БОНДАРЧУК, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ Мұнда емдік дене шынықтыру қызметтері көрсетіледі, логопед, дефектолог, психолог жұмыс істейді. Біздің барлық маманның білімі жоғары. Біз әр баланың дамуына және әлеуметтенуіне көмектесеміз.
РКС: Жалпы алғанда соңғы жылдары Атбасар ауданында тұрғындарды әлеуметтік қолдауға ерекше басымдық беріліп отыр. Бұл бюджеттен қаржы көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен бірге жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау.
ТОМИРИС ИДРИСОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ