ДИКТОР: Соңғы үш жылда Ақмола облысында 12 мәдениет үйі салынып, 62 нысан жаңартылды. Ауылды жерлерде де жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары ашылуда. Балкашино ауылында балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жұмыс істейді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов Сандықтау ауданына жұмыс сапары барысында орталықтың педагогтарымен және тәрбиеленушілерімен кездесті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шығармашылық орталық Сандықтау ауданында осыдан 2 жыл бұрын ашылған. Бүгінде оған 200-ге жуық оқушы келеді. Балалар музыкалық мектебі де жаңа ғимаратқа көшті. Ондағы талантты балалар фортепиано және халық аспаптары бөлімдерінде оқиды.
СНХ: ЕЛЕНА ЗАКУТЯНСКАЯ, БАЛКАШИНО БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізде балалар музыкалық білім алатын көптеген шығармашылық топ жұмыс істейді. Курсты аяқтаған соң, олар музыкалық білімі туралы куәлік алады. Сондай-ақ, музыка мектебінде тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Осы мақсатта біз бар күшімізді саламыз. Мұндай мүмкіндік аудан әкімдігі мен білім бөлімінің қолдауының арқасында жүзеге асып отыр. Олар әрқашан бізге және балаларымызға ерекше назар аударады. Сол қолдаудың нәтижесінде біздің мекеме дамып, өз жетістіктерін жалғастырып келеді.
РКС: Балкашинодан келген жас музыканттар жыл сайын халықаралық және облыстық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, үнемі жүлделі орындарды еншілеп жүр. Болашақта музыка мектебінің түлектері режиссура, актерлік шеберлік және эстрада өнері мамандықтары бойынша облыс әкімінің гранттарына үміткер бола алады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Шығармашылық адам әрқашан табысты болады. Шығармашылықпен айналысқанда, адам жеңіл ойлап, жаңа идеяларды оңай таба алады. Әр нәрсеге позитивті көзқараспен қарау керек. Өйткені музыка – мидың ойлау қызметін жақсартып, нейрондық байланыстарды дамытады. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз - біз үшін үлкен жетістік.
РКС: Сандықтау ауданында соңғы жылдары әлеуметтік инфрақұрылым дамуда. Биыл бес білім беру нысанын жаңғыртуға бюджеттен 740 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Реновация бағдарламасы бойынша Красная Поляна ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұдан бөлек, жергілікті билік Белгород, Жыланды және Қызыл-Қазақстан ауылдарындағы білім ошақтарын жаңғыртты.
ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ