ДИКТОР: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов одан соң Жарқайың ауданы ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерімен кездесті. Оның барысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды.
РКС: Өңір басшысы су тасқыны кезінде көрсеткен қолдаулары үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына алғысын білдіріп, агроөнеркәсіп кешенінің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті. Марат Ахметжанов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның аграрлық салада жаһандық көшбасшы болуға әлеуеті барын еске салып, көктемгі егіс науқанын жоғары деңгейде ұйымдастырып, агротехникалық ережелерді сақтап, қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану қажет екенін баса айтты.
СНХ: БАЛҒАБАЙ ҚАБЖАНОВ, КОСТЫЧЕВ АТЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Облыста бүкіл не боп жатқанын білеміз ғой. Сондықтан мына еңбегіңізге рахмет. Мына су тасқынында, басқа да жұмыстарды ұйымдастырып, еңбек етіп жатырсыз. Сіздің дәрежеңіз бен беделіңізді білеміз. Мына Северо-Қазақстан мен Қостанай «Кең дала» алмаса, мына біздің облыста декабрьден бастап финансирование ерте болды. Соны алғанның біреуі- менмін. Сондықтан сізге осындай рахмет айта отырып, алдағы жұмысыңызға табыс тілейміз.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Былтырғы алған Кең даланың, 11 млрд алдық енді, оның бәрін 100 пайыз қайтарған тек қана Ақмола облысы. Сондықтан беріп жатыр, бізге сенім бар. Алады, қайтарады деп, қосымша заявка жасап жатырмыз. Сондай қарым-қатынас, сенімдік болмаса бір-бірімізге, қолдау болмаса, ондай болмайды. Маған да үлкен абырой ғой, сіздерді жақсы қаржыландырып жатса, сіздердің жұмыстарыңыз табысты болып жатса. Ертең ол қосымша жұмыс орын, қосымша салық, терең өңдеу болатын болса, қосымша салық келіп түседі. Осының бәрі елде қалады. Сондықтан сіздер де жақсы нәтижемен, жақсы табысты болыңдар! Еңбекпен байыған адамды құрметтеу керек! Жері байдың-елі бай дейді. Мақсатпен жұмсау керек, беріліп жатқан бүкіл қаражатты. Сонда нәтиже болады!
РКС: Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биыл көктемгі дала жұмыстары ерте қаржыландырылды. Сондай-ақ, облыс әкімі аграрлық салада халықаралық серіктестіктің де артып келе жатқанын атап өтті. Қазір Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне өнім жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып, тасымалды субсидиялау, астықты тегін сақтау және биржалық сауда үшін қолайлы жағдайлар қарастырылуда. Жарқайың ауданы 66 мың тонна тұқым қоры бар. Танап басына шығатын техника толығымен дайын. Биыл жалпы 662,3 мың гектар алқапқа дән сіңіру жоспарланған. Ауданда 480-нен астам ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді.
СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі таңда жалпы агроқұрылымдардан 97 млрд теңгеге жуық өтінімдер қалыптасты. Соның 67 млрд теңгесі шаруаларға тарқатылды. Жалпы осы тарқатылған қаржының ішінде 50 пайызға жуығы «СПК Көкше» арқылы тарқатылса, 25 пайызы екінші деңгейдегі банктер арқылы және 20 пайызы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы тарқатылды. Былтырғы жылы «Кең Дала-2» бағдарламасы аясында алған несиелерді біздің агроқұрылымдар 1-ші наурызға дейін толыққанды өтеді. Соның есебінен де қаржы ұйымдары Ақмола облысының шаруаларын ары қарай қаржыландыруға қызығушылығы артты. Қазір қосымша 14 млн теңгеге жуық қаржыға «Аграрлық несие корпорациясына» өтінім бердік. Осы аптадан бастап бұл жұмыстардың бәрі толыққанды аяқталатын болады.
РКС: «Кең Дала – 2» бағдарламасы аясында 8 млрд теңге көлеміндегі 90 өтінімнің 62-сі «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қаржыландырылды. Ал «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 45,4 млн теңгені құрайтын мал шаруашылығы мен қайта өңдеуге бағытталған 7 жоба мақұлданған. Жоспарға сәйкес, негізгі дәнді дақылдардан бөлек, мал азығы, картоп және көкөніс егу де жоспарланып отыр. Шаруалар минералды тыңайтқыштар, жанар-жағармай және өсімдікті қорғау құралдарын жеткізу бойынша келісімдер жасап жатыр. Егіс жұмыстары белгіленген кестеге сай басталады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ