ДИКТОР: Жеңістің 80 жылдығына шамалы ғана уақыт қалғанда Көкшетаудағы соңғы соғыс ардагері өмірден өтті. Казимир Беймарт 98 жаста еді. Ол 1926 жылы 16 қазанда Украинада, Каменец-Подольск облысы, Антонин ауданы, Тарасовка селосында дүниеге келген. 1944 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Красноармейск ауданынан әскер қатарына шақырылып, 1-ші Прибалтика майданында пулеметші ретінде жаумен шайқасты. 1945 жылы ауыр жараланды. Үшінші топтағы мүгедек болып қалды. Ерлігі мен батылдығы үшін «Отан соғысы» орденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және басқа да көптеген медальдармен марапатталды. 1950-ші жылы ұрыс даласынан қайтарылғаннан кейін Казимир Беймарт 1981 жылға дейін өндірісте еңбек етті. Өмірі ерлік пен адалдықтың үлгісіне айналды. Батырдың есімі жерлестерінің есінде мәңгілікке жатталып қалады.