ДИКТОР: Егіндікөл ауданында 500-ге тарта шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Бұл салада 1400-дей адам жұмысқа тартылған. Былтыр аудан бойынша 857 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Атқарылған ілкімді істермен қатар, қордаланған мәселелер де бар. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Ерік Жиенбеков оны шешудің жолдарын баяндады. Брифингке қатысып қайтқан тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Елдімекенде ауыз су мәселесі өзекті. Былтыр тозығы жеткен Нұра топтық су құбыры жаңартылды. Соның арқасында Қарғалы, Жантеке, Құмкөл, Тоғанас және Егіндікөл ауылдарында мәселе шешілді. Нұра топтық су құбырын жаңғырту және ауданның елді мекендерінің таратушы желілеріне су беру кезінде ескірген металл құбырлар істен шығып, апатты жағдайлар көбейіп отыр.

СНХ: ЕРІК ЖИЕНБЕКОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егіндікөл Су-Арнасымен келісімшартқа отырды 76 миллионға. Бүгінгі күнде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары үшін 76 миллион қаражат бөлінді. Оның барлығы 2-ші тоқсанда басталады, 1-ші жартыжылдықта 2025 жылы біту керек. Барлығы 100 пайыз судың жағдайы үшін жасалынып жатқан.

РКС: Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 35 миллион теңгеге жауықтады. Мал шаруашылығы саласына келсек, былтыр ірі қара мал басы біршама азайды. Агроөнеркәсіп кешені саласында мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді қатар жүргізетін мал сою цехының құрылысы жүзеге асырылды. Жоба құны 20 миллион теңге. Бұдан бөлек, мал шаруашылығы саласында тағы 3 жоба аяқталды. Былтыр негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 7 миллиард теңгеге жуықтады. Облыстық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу қолға лаынған еді. Бірақ, келісім-шарт міндеттемелері орындалмағандықтан, жұмыс тоқтатылды.

СНХ: ЕРІК ЖИЕНБЕКОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір «АСМИ» серіктестігі мердігерлік ұйым ретінде Егіндікөл-Жолан тармағында облыстық маңызы бар жолды жөндеп жатыр. Оның ұзындығы 41 шақырым. Жоба құны 2 миллиард теңге. Бүгінде 8 шақырымы жөнделіп, 400 миллион теңге игерілді.

РКС: Ауданның әлеуметтік саласына тоқталсақ. Былтыр аудандағы 9 мектептің екеуіндегі 4 қазандықты ауыстырылды. Бұдан бөлек бірнеше мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, кей біліми ошағының жиһаздары жаңартылды. Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасынан шыққан 500-ге жуық оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Аудандағы 9 мектептің асханасын жаңғырту аясында жабдықтары жаңартылды. Денсаулық сақтау саласына мамандар әлі де тапшы. Былтыр өңірге 2 дәрігер келген. Биыл акушер-гинеколог лауазымына маман келеді деп күтілуде.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.