ДИКТОР: Мектеп білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерді дамытып, топта жұмыс істеу мен шешім қабылдауды үйретуге арналған алаң. Ол үшін мектептің өзін-өзі басқару өкілдігі бар.
РКС: «Алые паруса» балалар өкілдігі 15 жылдан бері жұмыс істейді. Техникалық лицейдің мектептегі өзін-өзі басқару құрамына президент, вице-президент, ұланбасы және министрлердің басшылығымен 13 фракция кіреді.
СНХ: СЫМБАТ ҚАЙРАТ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МИНИСТРІ: Басты мақсатым осы мектептегі оқушылардың өнерін дамыту, болашақта шығармашылық орта құру.
СНХ: ЖАНЕЛЬ ДӘУЛЕТЖАНОВА, КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МИНИСТРІ: Мектептегі профориентация теориямен шектелу ғана емес, сонымен қатар оқушының тәрбиелеу мақсаттарына сүйене отырып, оған болашақ мамандығын таңдауға көмектесу.
РКС: Фракция көшбасшылары республикалық, халықаралық олимпиадалардың, жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздары. Олар волонтерлік қызметпен, «Будка Добра», «Ангел», «Живи с надеждой» жобаларымен белсенді айналысады.
СНХ: ХАВА ОРЦХАНОВА, «АЛЫЕ ПАРУСА» БАЛАЛАР ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ӨКІЛДІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Міндетіміз лицейдің өмірін қызықты әрі белсенді ету. Оқушылар күн сайын мектепке күлімсіреп келіп, позитивпен үйлеріне қайтуы керек. Мақсатым министрлердің жұмысын қадағалау, оларға бір аптаға жұмыс жоспарын жіберіп, аптаның соңында есеп қабылдаймын. Олардың жұмысын қалай жасағанын тексеремін. Әрбір 15 минуттық үзіліс бастауыш сынып оқушылар үшін көңілді үзіліс жасаймыз, олар оны өте жақсы көреді.
РКС: Әр фракцияға 10-15 көшбасшы кіреді. Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шаралары, олардың алдын алу және осы жағдайда әрекет ету туралы бейнероликтер топтамасын әзірлейді. Ақпарат министрлігі Тик-Ток парағын жүргізіп, апта сайынғы «Табыс формуласы» электронды газетін шығарады. Күн сайын министрлер мен көшбасшылар бастауыш сынып оқушылары үшін «Көңілді үзілістер» өткізеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.