ДИКТОР: Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев Сандықтау ауданына жұмыс сапары аясында Петровка ауылының негізгі мектебінің және «Жас Дәурен» сауықтыру лагерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Лагерь жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы мен музыкалық мектептің жұмысын да бағамдап қайтты.
РКС: Петровка ауылының балалары жаңа оқу жылын жаңа білім беру мекемесінде бастады. Олар бұған дейін бір ғасырдан астам бұрын салынған ғимаратта оқуға мәжбүр болды. Нысанның құрылысына 700 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Мектеп 80 оқушыға шақталған.
СНХ: АРАЙ ӘБЕНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мұғалімдер жеткілікті. Мұнда зерттеуші, модератор және сарапшы санатындағы мұғалімдер жұмыс істейді. Қазір мұнда 58 оқушы білім алуда. Мектепалды даярлық сыныбында 6 бала оқиды. Сонымен қатар, шағын орталыққа 10 бүлдіршін келіп жүр. Жаңа мектебіміз заман талабына сай жабдықталған. Мультимедиялық кабинет, химия, физика, биология кабинеттері, кітапхана, спортзал бар.
РКС: Абаттандыру жұмыстары ғана қалған. Көктем басталысымен ол жандандырылады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепке 21 бейнебақылау камерасы орнатылған. Облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев оқушылармен әңгімелесіп, мектепке кітаптар мен спорттық жабдықтар сыйға тартты. Мектеп жасына дейінгі балаларға ойыншықтар сыйланды.
СНХ: ДОСҰЛАН АЙТБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2021 жылы құрылыс басталған кезде бірқатар мәселе туындады. Оның өзіндік себептері де бар. Жауапсыз мердігердің кесірінен жағдай сондай болды. Облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов бұл мәселені естіген бойда былтыр құрылыс басына келіп, жағдайды өз көзімен көрді. Ескі мектепте оқуға болмайтынын нақты айтты.
СНХ: НАДЕЖДА САВЕЛЬЕВА, ПЕТРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мектеп құрылысының аяқталғанына өте қуаныштымын. Екінші балам бірінші сыныпқа жаңа мектепке барды. Мұндай жарық, үлкен және жылы ғимараттың болғаны өте жақсы. Балаларымыз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылады. Мектебіміз өркендей берсін.
РСК: Одан соң облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев Балкашино ауылындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы мен балалар музыкалық мектебінде болды. Бұл демалыс орны 2023 жылы салынған. 200 балаға дейін вокалдан бастап бейнелеу өнеріне дейінгі түрлі бағытта өз қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, музыкалық мектепте оқушылар халық аспаптары және фортепиано бойынша білім алады. Қазір мұнда 67 бала білім алуда.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарын жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін «Жас Дәурен» балалар сауықтыру лагерін аралаумен аяқтады. Былтыр шамамен 100 миллион теңгеге 51 орындық жайлы автобус, Газель және коммуналдық қызметтерді жүзеге асыруға арналған трактор сатып алынған. Мұнда демалушылар қосымша білім ала алады. Ол үшін өткен жылы 22 компьютер, интерактивті 3 тақта және парталар сатып алынды.
СНХ: АРМАН ӨМІРЗАҚОВ, «ЖАС ДӘУРЕН» ЖЫЛ БОЙЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ БАСШЫСЫ: Балалар үшін жайлы демалыс аймағы. Мұнда педагог-психолог, қосымша білім беру педагогтары, тәрбиешілер жұмыс істейді. Балалар мұнда фильмдер көреді, спорттық шаралар ұйымдастырылады. Мұнда облыстық деңгейдегі шығармашылық шаралар өтеді. Сондай-ақ сауықтыру шаралары да ұйымдастырылады.
РКС: Мұнда сондай-ақ түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Оған әр бала өз қызығушылығына сәйкес қатыса алады. Лагерьдің екі жылдық жұмыс кезеңінде 7 мыңнан астам бала демалды.
ӘЙГЕРІМ СЕРПЕР, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.