ДИКТОР: Ақмола облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 8 мың шақырым. Оның 2 мың шақырымнан астамы республикалық және 3 мың шақырымға жуығы жергілікті, аудандық маңызы бар жолдар. Былтыр 800 шақырым жол жөнделді. Оған бюджеттен 100 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді. Ал биыл қанша шақырым жол жөнделеді? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
РКС: "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасындағы ең басты бағыттың бірі - инфрақұрылым. Яғни, республикалық және жергілікті жолдар. Былтыр 800 шақырым жол жөнделді. Ақмола облысында автомобиль жолдары желісі жақсы дамыған. Біздің аумақ арқылы Алматы, Екатеринбург, Астана, Павлодар, Қостанай, Челябі халықаралық дәліздері өтеді. Осы бағыттарға өтетін жолдар кеңейтілді. Биыл 450 шақырым жолды жөндеу міндеті тұр.
СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Үлкен жобаларды атап өтсек Жезқазған-Петропавл, Макинск-Ақсу-Торғай, Көкшетау-Атбасар. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар жолдар Щучинск-Степняк, Астана қаласының шығыс айналма жолдары. Сарыоба, Бурабай, Қатаркөл, Жақсы, Державинск, Есіл, Свободное, Раздолье тағы үлкен-үлкен жобалар іске асырылған. Сондай-ақ, ауыл іші жолдарына көп көңіл бөлінді. Ол жаңағы Астананың маңайындағы Қосшы қаласы, Талапкер, Қаражар, Қараөткел, Қоянды, Жібек жолдары. Биылғы жылдары жалғасын табатын болады. Биылғы жылы 62 млдр.теңге қарастырылған. Оған біз 450 шақырым жолды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде жаңағы айтып өткен жобалардың жалғасы болады.
РКС: Жөндеуден өткен жолдарды тұтастай тегіс деп айту қиын. Әсіресе шалғай елдімекендерге апаратын жолдың сапасы әлі де сын көтермейді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының" облыстық филиалы дөрекі олқылықтарды анықтаған. Мәселен, Есіл ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй тұрғызумен қатар жол салу жобасы қарастырылған. Алайда, жауапты мердігер сапаға сай жұмысты тапсырмаған. Одан бөлек, арнайы техникалардың әбден тозығы жетіп, жұмысшылар уақытылы қажетті нысанда жұмыс істемеген. Айта кетейік, былтыр ұлттық сапа орталығы 1 мыңға жуық рет жолға шығып, 1700-дей сынама алған. Бұлардың бәрі жергілікті маңызы бар жолдарға қатысты. Оның қорытындысы бойынша 748-і талапқа сай келмеген.
СНХ: ТАЛҒАТ ҚАЙРАТХАН, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Соның ішінде 136-ы дұрысталып, ал қалғаны өкінішке қарай әлі де өзгеріссіз. Әлі сапаға, не талапқа сай келмей отыр. Ал, республикалық маңызы бар жолдардан 931 рет сынама алғанбыз. 66 сынама бүгінгіге өтпей тұр. Олар көбінесе 2 жылдық проект. 2025 жылда осыларды қолға алып, міндетті түрде жұмыстарын толықтай жасатып, қосымша сынама алып жұмысымызды жалғастырамыз. Бұдан басқа ақаулар анықталды. 386. Өкінішке орай, 112-і әлі дұрысталған жоқ. Толық бітпегеніне және де толық аяқталмағандарына байланысты бізде арнайы бағдарламадан алынбай отыр.
РКС: Жолдарды жөндеуге жауапты, өз ісіне салғырт қарап, сапаға сай жұмыс істемеген мердігерлер бұдан былай "KazRoadLab" бағдарламасына тіркеледі. Осылайша, ол ұйым бұдан былай еліміз бойынша жол жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайды. Бұл бағдарлама арқылы сапасыз жолдардың мәселесі толығымен шешімін таппақ.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ