ДИКТОР: Көкшетауда шайбалы хоккейден Қазақ КСР және КСРО ағарту ісінің үздігі Қасен Төлебаевты еске алуға арналған турнир өтті. Оған Солтүстік Қазақстан облысы мен көкшелік әуесқой спортшылардан құралған 4 команда қатысты.
РКС: Қасен Төлебаев көзі тірі болғанда биыл 90 жасқа толар еді. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған жан. Ширек ғасыр Озерный орта мектебін басқарды. Шайбалы хокеейге ерекше көңіл бөліп, бірнеше буынды тәрбиелеп шығарды. Оның шәкірттері сонау 80-ші жылдары «Золотая шайба» республикалық ойынында күміс жүлдегер атаныпты. Бұл шараға Қасен Төлебаевтың туған туыстары мен жора-жолдастары келді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Еске алу турниріне полиция қызметкерлері де белсене атсалысты. Олар қашан да жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттайды. Есірткіден аулақ болуға үндейтін арнайы плакаттарды да ала келіпті.
СНХ: ДАРХАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Бұл турнирдің негізгі мақсаты өскелең жастарды есірткі ісінен аулақ болуына тарту мақсатында жүргізіліп жатыр. Біз Ақмола облыстық полиция департаменті әрдайым қандай да болсын спорт іс-шараларына үлесімізді қосып, жастарды есірткісіз өмір сүруіне баулуға шақырамыз.
РКС: «Көкшетау қаласының хоккей ардагерлері» командасы да турнирге белсене қатысты. 1-ші орын үшін тартысты ойында олар «Озерный» тобын 6:3 есебімен жеңді.
СНХ: ОЛЕГ ЕЖОВ, «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ХОККЕЙ АРДАГЕРЛЕРІ» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Бүгін барымызды салып, жеңіске ұмтылдық. Командасыз орта жастағы адамдардан құралған. Ең жасы 50 ден асқандар. Жарыста жеңіске жеттік. Жастар бізден үлгі алсын. Спорттық жарыстарға қатысып, салауатты өмір салтын ұстану керек.
РКС: Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды «Көкшетау қаласының хоккей ардагерлері» жеңіп алды. Ал «Озерный» командасы 2-ші орынға лайық деп танылды. Ал үздік үштікті «Зеренді» командасы түйіндеді. Жеңімпаздарға диплом мен ақшалай сертификаттар табысталды.
САБИНА ЖАМШИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ