ДИКТОР: Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында тек медицина мамандары емес, өз ісінің нағыз хас шеберлері жұмыс істейді. Әр сәбидің күлкісінің артында білікті дәрігерлер мен медбикелердің ерен еңбегі тұр.

 РКС: Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері күн сайын түрлі жағдайлармен кездесіп жатады. Осы орайда, олар жылдам, әрі сапалы емдеу жүргізулері тиіс. Мұнда тек медициналық дағдылар емес, сонымен қатар ем алушыларға психологиялық қолдау да маңызды. Ақ халатты абзал жанның бірі - Диана Айтқожина. Ол ерте жастағы балалар бөлімінің педиатры.

СНХ: ДИАНА АЙТҚОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ПЕДИАТРЫ: 2 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Бұл жас санатындағы балаларды емдеу уақытында оң және сол жақтары бар. Мәселен, оң жағын айтатын болсақ емдеу барысында, оң динамика тез байқауға болады. Ал, керісінше жағы бұл жастағы сәбилер жиі аурады. Сондықтан, өте сақ болу керек. Бір жарым жастан асқан балаларды емдеу оңайырақ. Өйткені олар бәрін түсінеді. Жылап ауырған жерлерін көрсете алады.

РКС: Аурухананың реанимация бөліміндегі заманауи қондырғылар сәбилердің жағдайын сақтауға көмектеседі. Мұнда ауыр патологиясы бар нәрестелер ем қабылдайды. Балалардың көпшілігі шала туылғандар. Оның ішінде тіпті салмағы 1 килограммнан төмен жаңа туған сәбилер бар. Бұл нәрестелердің жанында ақ халатты абзал жандар әрдайым болады. Соның бірі анестезиолог-реаниматолог дәрігері Абылай Қиябаев.

СНХ: АБЫЛАЙ ҚИЯБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ: Балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі олар емдеуге риза болады. Ересек пациенттерде аурудың ағымына әсер ететін көптеген түрлі ілеспе аурулар жиі болса, көп жағдайда бұл балаларда болмайды. Ал егер оларға дұрыс ем тағайындалса, олар өте тез қалпына келеді. Сонымен қатар, балалармен жұмыс істеу ересектерге қарағанда әлдеқайда тиімді.

РКС: Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрежесі тек қана заманауи технология мен ем қабылдау ғана емес. Ең алдымен жүректері мейірімге толы ақ халатты абзал жандар. ¬Өйткені, олар өз ісінің маманы. Әрдайым келген науқасқа уақытылы әрі сапалы көмек көрсетуді көздейді.

АЯЛА НҰРБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ