ДИКТОР: Аймақ басшысы Марат Ахметжановтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің отырысы өтті. Онда күзгі егін орағы науқанының қорытындысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Биыл өңірдің агроөнеркәсіп кешеніне 140 миллард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жоғары репродукциялы тұқымдарды, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын және тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялауға, машина-трактор паркін жаңартуға мүмкіндік берді. Осындай қолдаудың арқасында 4,7 миллион гектар егістік алқабынан 6,6 миллион тонна астық жиналды. Бұл өз кезегінде республика бойынша үздік көрсеткіш.
СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Күзгі орақ науқанына 9 мыңға жуық техника жұмылдырылды. Оның ішінде 5 мың техника заманауи, өнімділігі жоғары астық жинайтын комбайндар. Ал, 2,6 мыңы дестелегіш. Астық тасымалдауға 5 мың жүк көлігі жұмылдырылды. Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1140 мың техника сатып алды. Оған 40,3 млрд.теңге бөлінді. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында машина-трактор паркін жаңартуда маңызды рөл атқарғаның атап өткім келеді. Мәселен, бұл жоба аясында 18,8 млрд.теңгеге 334 техника сатып алынды. Сонымен қатар, күзгі егін орағына 83,4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Жиында көтерілген келесі бір мәселе. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Биылғы жыл ақмолалықтар үшін жаман болған жоқ. Инвестиция көлемі артып, жүзеге асқан жобалар саны айтарлықтай артты. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласына 1,4 трлн.теңге бөлінді. Десек те, мәселе жоқ емес. Берілген қаржыны кейбір аудандар дұрыс иегере алмай отыр.
СНХ: АЛМАГҮЛ ШҰҒЫРМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өңдеу өнеркәсібінің өнімі қысқарды. Бұл Жарқайың, Егіндікөл, Сандықтау, Аршалы, Ақкөл, Целиноград, Қорғалжын, Зеренді аудандары мен Степногорск қаласындағы көрсеткіштің төмендеуіне байланысты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі келеңсіз динамикаға 2 өңір ерекше әсер етті. Ол Зеренді ауданы мен Степногорск қаласы. Бүгінде олардың жалпы көлемдегі 31,19 проценті құрап отыр. Жыл соңына дейін бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 2,3 млрд теңгеге 6 жоба жоспарланған еді. Оның арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Бірақ, 400 млн.теңгеге тек 1 жоба ғана жүзеге асты. Соның арқасында 30 адам жұмыспен қамтылды.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Соңғы жылдары өңірде сақалды құрылыстар саны артып отыр. Салдарынан оған жоспарланбаған қаражат бөлінген. Ал, ол қаражат басқа әлеуметтік салаларға жұмсалуы тиіс. Осы орайда, аймақ басшысы Марат Ахметжанов жауапты сала басшыларына бөлінген ақшаға мұқият болып, жұмыстың қашан да сапалы орындалуын бақылау қажеттігін қатаң ескертті. Жиын соныңда өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар сала маманы марапатталды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ