ДИКТОР: Қазанның алтысы атом электр станциясын салу жөнінде референдум өтеді. Жалпыхалықтық дауыс беруді ұйымдастыру Қазақстанның орнықты дамуы мен энергетикалық тәуелсіздігі жолындағы маңызды қадам болмақ. Радиобиология және радиациялық экология саласының маманы атом электр станциясын салу туралы өз пікірін айтты. Париж келісіміне сәйкес Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына көшуі тиіс. Энергетиканың барлық секторларын декарбонизациялау қажет. Атом энергетикасын пайдалану арқылы парниктік газдар шығарындыларының көлемінің төмендеуіне қол жеткізуге болады, –биология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының халықаралық жобаларды басқару жөніндегі кеңесшісі Әнуарбек Қақабаев атап өтті.
СНХ: ӘНУАРБЕК ҚАҚАБАЕВ, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Осы саланың маманы ретінде радиацияның адам ағзасына және қоршаған ортаға әсерін зерттегендіктен, оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Атом энергиясы, бұрын айтылғандай, болашақ энергиясы. Ол елдің болашағы үшін әрдайым қажет. Бірақ басқа жағынан, бізде радиациялық фобия пайда болды, Құдай сақтасын, атом станциясы, мысалы, қоршаған ортаның бұзылуына, сәулеленуіне және өліміне, басқа салдарға әкеледі. Бірақ қазір заманауи технологиялар оған жол бермейді. Бәрін Атом Энергиясы жөніндегі Халықаралық Агенттігі қашықтан бақылайды. Егер біз атом электр станциясын салатын болсақ, шығарындыларды, қоршаған орта үшін, Қазақстан халқы үшін тәуекелдерді барынша азайтатын заманауи технологияларды қолдануымыз керек.