ДИКТОР: Ақмолалық диқандар 5 миллион тоннадан астам астықты қамбаға құйды. Бұл астықты аймақтар арасында үздік көрсеткіш. Биыл жалпы Ақмола облысында 6 миллион тоннадан астам астық жиналады деген жоспар бар. Қазіргі уақытта алқаптарда жұмыс қызу жүріп жатыр.

КСМ: Биыл егіннің шығымы жақсы. Облыста орташа көрсеткіш гектарынан 13 центнерден асады. Ал кейбір алқаптардан гектарына 50-55 центнер бидай жиналап жатыр. Осындай шаруашылықтардың бірі - Сандықтау ауданындағы "Белгородское" серіктестігі.

СНХ: АРТЕМ ЛЮБИМОВ "БЕЛОГОРОДСКОЕ" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл алқапта шығымдылық 30 центнерден асады. Ал осының алдында болған алқапта гектарынан 50 центнерден астық жинаймыз деп отырмыз. Қатты бидайды шығымдылығы серіктестік бойынша 30 центнерден астам болды. Қазір алқаптарда 28 комбайн жүр. Атшалдарға түсіріп жатырмыз, бірден орып та жатырмыз.

КСМ: Комбайндардың барлығы өнімділігі жоғары заманауи техникалар. Жұмысшыларға барлық қолайлы жағдай жасалған.

СНХ: РОМАН БЕККЕР КОМБАЙНШЫ: Жұмыс таңғы 7 жарымда басталады. Кешкі ас ішіп алғаннан кейін де, бірнеше айналым жасаймыз. Кешкі 9-ға дейін жұмыс істейміз. Биыл астық мол, шығымы жақсы. Біз сұйық та, құрғақ та тыңайтқыштарды қолдандық. Гектарынан 30 центнер өнім алып жатырмыз. Көптен бері мұндай жағдай болмап еді.

КСМ: Қамбадағы жұмыс та қызу. Биылғы астық ылғалды. Сондықтан бидайды дер кезінде кептіруге көп көңіл бөлу қажет. Шаруашылықтың өзінде кептіргіш бар. Алайда, ол астықтың мынадай мол көлемін құрғатуға үлгермей жатыр. Сондықтан, жиналған өнім элеваторларға жөнелтіледі. Алдағы күндері облыста ауа-райы ашық болады деп болжануда. Бұл ретте диқандар барынша еңбек етіп, мол өнімді жинап алуға ниетті.

ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ