ДИКТОР: Степногорск қаласындағы жылу электр орталығы жарты ғасыр бұрын салынған. Бүгінгі таңда жылу құбырларының 70 проценті тозған. Биыл орталық жеке қаражатына күрделі жөндеу өткізді. Степногорск қаласына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов жылу электр орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Биыл жылу электр орталығы ескірген құбырларды жаңартуға 7 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсаған. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соныңа дейін жалғасын таппақ. Орталық тек қана шаһарды емес, сондай-ақ, Заводской кентін де жылумен қамтып отыр. Қазіргі таңда жылу беру маусымына 75 процентке дайын. Десе де мәселе жоқ емес. Орталықта маман тапшылығы өткір мәселе.

СНХ: ВАЛЕРИЙ ДОНЦОВ, ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі таңда бізде 630-ға жуық адам жұмыс істейді. Әлі де орта есппен алғанда 120 жұмысшы қажет. Бұл өте өзекті мәселе. Кадрлық сұрақтарды тез арада шешу мақсатында біріншіден, барлық жерге хабарландыру береміз. Сонымен қатар, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын толықтай жасаймыз. Тегін тамақ та қарастырылған. Оның үстіне орташа жалақыны 380 мыңға дейін көтердік. Десе, әлі де адам жоқ. Бұл тек қана біздің ғана емес, еліміздің барлық шағын қалаларында бар мәселе. Бүгінде Үкіметте энергетика саласындағы техникалық мамандар жайлы айтылып жатыр. Біздің мәселені естігнен облыс әкімі арнайы гранттар бөліп берді.

РКС: Ал, бұл Степногорск тау-кен химия комбинаты. Комбинат жылына 4 мың тонна уран өнімін және 1 миллион тонна мыс-молибден флотоконцентратын өндіреді. Бүгінде уран өнімі көрші елдерге тасымалдануда.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АРТЕМ ВАЖИН, СТЕПНОГОРСК ТАУ-КЕН КОМБИНАТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта Степногорск тау-кен комбитнаты Қазақстандағы ең ірі өңдеуші кәсіпорындардың бірі. Негізгі бағыттардың бірі уран өнімін өңдеу. Сонымен қатар, біздің серіктестік ядролық отын айналымының толыққанды қатысушысы. 1 мыңға жуық қызметкеріміз бар. Алдағы уақытта уран өндірісінің қуаттылығын жылына 6 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отрымыз.

РКС: Ал, бұл шаһардағы ірі жылыжайдың бірі. "Қазақстанның жылыжай технологиялары" серіктестігі қызанақ, қияр, болгар бұрышы, аскөк және раушан мен қылзғалдақ гүлі өсіріледі. Нысан жылына 2 жарым мың тоннадан астам өнім беруге қауқарлы. Жылыжайдың өнімдері еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізіледі. Сонымен қатар, көрші елдердің нарығында сұранысқа ие. Сондай-ақ, Үкімет басшысы Степногорск қаласындағы "Viamedis" оңалту орталығына барды. Денсаулық сақтау мекемесі бір ауысымда 1 мыңнан астам адамды қабылдай алады. Мұнда күндізгі стационар, мамандандырылған хирургиялық және терапевтік көмек бөлімшесі, Фтизиатрия орталығы және клиникалық-диагностикалық зертхана бар.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жұмыс сапары соңында Премьер-министр жергілікті билік өкілдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеп, кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. Оларға атом электр станциясы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.

СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Қазір елімізде энергия тұтыну көлемі 17 ГВт құрайды. Ал, өзіміз 16 ГВт қана өндіреміз. Яғни, энергия тапшылығы байқалады. Көрші елдерден сатып алуға мәжбүрміз. Қазір біз үйреніп қалған көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларын халықаралық қаржылық институттар мен банктер қаржыландырмайды. Сондықтан біз басқа энергия көзіне көшуіміз керек. Соның бірі тұрақты энергия көзімен қамтамасыз ететін, экологиялық таза, қауіпсіз және қалдықсыз ол - әрине, атом электр станция. Президент референдум күнін белгіледі. Саяси науқанда халықтан үлкен қолдау болады деген сенімдемін.

РКС: Айта кетейік, 6 қазанда атом электр станциясын салуға қатысты республикалық референдум өтеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ