ДИКТОР: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында келесі жылы 217 мектеп пайдалануға беріледі. Тағы 1300 оқу ордасына күрделі жөндеу жүргізу қажет. Жолдауда осылай деген Президент Үкімет пен әкімдерге білім ошақтарын үш жыл ішінде толық жаңартуды тапсырды. Бұл мәселе, әсіресе, шалғай жатқан елдімекендерде өзекті. Мәселен, Біржан сал ауданына қарасты Бұланды және Қарағай ауылдарының балалары оқу жылын биыл да орман шаруашылығының кеңсесінде бастады. Оқушылар 6 жыл қатарынан тар ғимаратта білім алуға мәжбүр. Мәселе қалай шешіледі? Әріптесім Ұмсындық Наурызбаева анықтады.

STAND-UP: ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ТІЛШІ: Ауылдың қақ ортасында орналасқан бұл мектеп 1989 жылы бой көтерген. Мұнда ауыл балалары 30 жылдан астам уақыт бойы білім алыпты. Қазір ол құлағалы тұр. Үш қабатты ғимарат ылғалды жерде салынғандықтан қабырғасы жарылып, іргетасы шөгіп кеткен. Сондықтан ол осыдан бірнеше жыл бұрын апатты деп танылған.

РКС: Алты жылдан бері ауыл балалары орман шаруашылығының кеңесесінде оқып келеді. Ғимаратта небәрі сегіз бөлме ғана бар. Оның өзі аядай тар. Партамен тақтаның арасы бір адым. Спорт зал да, арнайы жабдықталған сынып атымен жоқ. Жергілікті билік ата-аналарға балаларын жақын елдімекендегі мектепке тасып оқытуды ұсынған. Алайда, тұрғындар бас тартқан.

СНХ: БАЯН САПАРОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Кішкентай балаларды, бірінші және нулевой сыныптарды оны қалай апарады? Олар да уайым-қайғы. Оңай емес. Балаларға все равно ауыр тиеді. Басқа мектепке баруға . Оңай болмайды ол балаларға.

РКС: Ал құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған жаңа мектеп былтыр пайдалануға берілуі тиіс еді. Ол үшін қазынадан бір миллиардтан астам қаржы бөлінген. Дегенмен, жұмыс аяқсыз қалып, мердігер жосықсыз деп танылды.

СНХ: РИЗА ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Біз корректировка жасағанбыз. Оның 800 миллион 1 миллиард 100 миллионға дейін соммасы көтерілді. Оған да қарамай біздің мердігер «Ерқанат Сервис» мына мектептің ақшасын игере алмай,жұмысын бітіре алмады.

РКС: Онымен қоймай, дәл осы құрылыс компаниясы өңірдегі тағы үш мектепті салу үшін тендер ұтып алған. Алайда, бұл нысандар да мерзімінде берілмеген.

ШУМ:

РКС: Қазір құрылысы кешіккен білім ошағын басқа мердігер салып жатыр. Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Енді аула абаттандырылып, инженерлік желілер қосылады.

СНХ: ӘЛІБИ ҚАППАСОВ МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мұнда келгенімізге енді бір айдан асты. Қазір екі ауысымда жұмыс істеп жатырмыз. Күндіз де, түнде де тоқтап жатқан жоқпыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты түнгі уақытта да сол ауа-райын пайдаланып жатырмыз.

РКС: Ал жергілікті билік 80 орындық білім ошағы биылдан қалмай пайдалануға беріледі,- деп сендіріп отыр.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ