ДИКТОР: Биыл су тұтыну көлемі 24 процентке өсті. Бұл 30 миллион текше метр. Өңірде негізгі деп саналатын үш су қоймасы 97 процентке толып, вегетациялық кезеңде сумен жеткілікті қамтамасыз етуде. Суару маусымы басталғалы барлық су шаруашылық нысандары штаттық режимде жұмыс істеп, тіршілік нәрінен тапшылық байқалған жоқ.
РКС: "Қазсушар" облыстық филиалында вегетациялық суару кезеңі 1-ші мамырда басталды. Астана, Селеті және Шағалалы су қоймалары Степногорск, Көкшетау мен елорданы ауыз сумен толыққанды қамтамасыз етуде. Биыл негізгі су қоймалары 100 процентке толды.
СНХ: ДҮЙСЕНБЕК СЫЗДЫҚОВ, «ҚАЗСУШАР» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Былтыр жалпы көлемі 122 млн. текше метр болатын 45 тұтынушымен келісім-шартқа отырған едік. Ауыз су 116,7 млн текше метрді құраса, суару мақсатына 6,2 млн текше метр су берілді. Бүгінгі таңда біз 40 тұтынушымен келісім-шартқа отырдық. Ауыз су 147 млн текше метр және суаруға 5,8 млн текше метр тіршілік нәрін береміз.
РКС: Шағалалы су қоймасының төменгі жағындағы темірбетон конструкцияларына жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда Селеті су қоймасында сегменттік қақпаларды жөндеу жасалуда. Астана су қоймасының түбін тазарту жоспарланып отыр. Айта кетейік, өңір бойынша суармалы жер көлемі 18,1 мың гектар.
СНХ: ГҮЛДЕН ИСМАҒҰЛОВА, ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысындағы жүйелі суармалы жерлердің көлемі 7,6 мың гектар болды. Ал су алу көлемі 8 млн.текше метр. Вегетациялық кезеңде көкөніс және мал азық дақылдарына, сондай-ақ картопқа бассейннен су алуға рұқсат етілді.
РКС: Астана су қоймасын қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Есілде контррегулятор салу бойынша құрылыс жұмыстары жоспарланған.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ