ДИКТОР: Былтыр өңірде 250 адамға өкпе обыры диагнозы қойылған. Бүгінде бұл көрсеткіш 450-ге жуықтаған. Жыл сайын тамыздың 1-і Бүкіл әлемдік өкпе обырына қарсы күрес күні атап өтіледі. Осыған орай облыстық көпсалалы аурухананың онкологиялық бөлімшесінде Ашық есік күні өтті.

РКС: Өкпе обыры-әлемде кең таралған қатерлі ісік. Сондай-ақ, онкологиялық патологиялар арасында өлім-жітімнің жиі кездесетін түрі. Оның басты себебі, спецификалық симптомдар байқалмайды. Сондықтан өкпе обырын ерте кезеңде анықтау қиын.

СНХ: БОЛАТ ӘБІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өкпе обыры асқынуының 90% темекі шегумен байланысты. Әсіресе, 15-20 жылдан астам уақыт зиянды затқа тәуелді жандар бұл дертке шалдығады. Арасында күніне 2 қорап темекі шегетін науқастар да бар. Темекі шегу өтілі көп болған сайын, күнделікті темекі шегу мөлшері де көбейеді. Салдарынан өкпенің түрлі қабынуы мен ауруларына әкеліп соғады.

РКС: Сондай-ақ, өкпе обыры генетикалық жолмен ұрпаққа беріледі. Жақын туыстары осы патологияға тап болған адамдар жоғары қауіп-қатер тобында. Облыстық көпсалалы аурухананың онкологиялық орталығында ағзаның жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін заманауи зерттеу әдістері қолданылады. Бұл компьютерлік және магнитті-резонанстық томография.

СНХ: РАЙЫМГҮЛ БАСЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Күніне 40-50-ге дейін зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Жүктеме өте үлкен. Дертке шалдыққан науқастар үшін зерттеу жүргіземіз. Яғни, олар обырдың таралуы мен асқынуын, өзгерісін тексереді. Ол бірнеше компьютерлік томографиядан өтеді. Сонымен қатар диспансерлік есепте тұрған науқастар да келеді. Олар бақылау зерттеуінен өтеді.

РКС: Ашық есік күні барлық ниет білдірушілерге ерте диагностика, өкпе скринингтен өтуге мүмкіндік берді. Мамандардың айтуынша, алдын алу шаралары ауру қаупін азайту үшін маңызды. Өкпе онкологиясының алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану, темекі мен алкогольден бас тарту керек. Таза ауада жиі серуендеген және спортпен шұғылданған абзал. Сондай-ақ, жұқпалы созылмалы ауруларды дер кезінде емдеудің маңызы зор.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ