Жүргізуші: Биыл Қазақстанда астық түсімі мол болады деп күтілуде. Кейбір болжамдар бойынша, тіпті, рекордтық көрсеткішке қол жеткіземіз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, елде 200-ге жуық лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары бар. Жалпы сыйымдылығы - 13 миллион тоннадан асады. Олардың күзгі өнімді қабылдауға дайындығы жоспарға сай жүріп жатыр. Ақкөл қаласындағы осындай кәсіпорындардың бірінде жұмыстар жайлы сюжеттен көріңіз.
КСМ: Элеватор 1979-ыншы жылы салынған. Мұнда дәнді дақылдар қабылданады, өңделеді, жөнелтіледі. 3 кептіру қондырғысы, 5 сепаратор және 6 автоқабылдау орны бар. Астық сақтау орнының жалпы сыйымдылығы 200 мың тоннаға жуықтайды. Алдағы орақ науқанына дайындық қызу. Жазда жөндеу жасалып жатыр. Жұмыстар 90 процентке аяқталған.
СНХ: ТЕМІР ШАЛОВ – БАС ИНЖЕНЕР: План бойынша, биыл біз 76 мың тонна қабылдаймыз, деп отырмыз. Енді, прогнозға қарасақ, биыл жақсы урожай болады, деп ойлаймын. План 76 мың болғанымен, біз жылда 100 мың – 110 мың қабылдаймыз. Бізге жалғыз Ақкөл ауданы емес, басқа райондардан, Қарағанды облысы қатысты, Сандықтау районнан тасиды. Былтыр жылы қарағанда, биыл жақсы болады. Былтыр өзіңіз білесіздер урожай болған жоқ. Былтыр 40 мың алып жаттық. Сол былтырғы орың толықтырамыз деп, биыл 100 мыңдап деп ойлап отырмыз.
КСМ: Элеваторда Ақкөл қаласының 70 шақты тұрғыны жұмыс істейді. Олардың міндеттеріне дақылдардың сапасын анықтау, астықты одан әлі қолдану үшін сақтау кіреді. Өнімнің сапасын қарап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін технологиялардың сақталуын қадағалайтын мамандардың бірі - техник-зертханашы Надежда Бутовская.
СНХ: НАДЕЖДА БУТОВСКАЯ – ТЕХНИК-ЗЕРТХАНАШЫ: Әр түрлі астық келеді. Бидай, арпа қабылдаймыз. Сынамалар аламыз. Ылғалдылығын, қамырлығын анықтаймыз. Арнайы құрылғы арқылы жан-жақсы сараптама жасаймыз. Содан кейін элеваторға жөнелтеміз. Қандай сақтау қоймасына жіберетініміз оған байланысты. Егер ылғалды болса, жинап, кептіруге жібереміз. Ол бізге қажетті көрсеткіштерге дейін жеткізіледі. Одан соң, қоймаларға орналастырамыз. Орақ науқаны аяқталғанда, астықты қысқы сақтауға ауыстырамыз.
КСМ: Ауа легі арқылы салқындатылған дақылдарды 3-тен 5 жылға дейін сақтауға болады. Орақ науқаны кезінде кәсіпорын тәулігіне 3000 мың тоннаға дейін астық қабылдауға қауқарлы.
ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУРЖАН СМАГУЛОВ