ДИКТОР: Биыл еліміз көктемде су тасқынына тап болды. Салдары тұрғындар үшін ауыр болды. Көптеген аймақтарда төтенше жағдай жарияланды. Табиғат апаты барша қазақстандықтарды біріктірді. Оның ішінде ақмолалықтар да бар. Облыс орталығында су тасқынымен күреске белсене ат салысқан азаматтар марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ел басына қиындық туғанда барлығы – қарапайым азаматтар да, құтқарушылар да, еріктілер де, мемлекеттік және әскери қызметкерлер де, тәртіп сақшылары да, қоғам белсенділері де, бизнес өкілдері де, жастар да су тасқынынан зардап шеккендерге жиналып көмек қолын созды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің медалімен марапатталғандардың бірі -Асхат Уәйісов.

СНХ: АСХАТ УӘЙІСОВ – «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2024 жылғы су тасқыны кезінде біз волонтер ретінде белсене қатыстық. Тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетіп, құтқарушыларға да көмектестік. Ақмола облысында кем дегенде 40 ерікті жұмылдырылды.

РКС: Облыс бойынша барлығы 41 елді мекен су тасқынынан зардап шекті. 2800-ден астам адам эвакуацияланды. 800-ден астам жеке және көпқабатты үйлерді су басқан. Төтенше жағдайлармен күреске қосқан үлестері үшін бірқатар белсендіге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының атынан сертификаттар табыс етілді.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Су тасқынымен күреске барлық қолда бар күш жұмылдырылды. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, аумақта орналасқан әскери бөлімдерден қосымша күш келді. Бірақ бұл жеткіліксіз болды. Күндіз-түні құтқарушылармен бірге өңіріміздегі су тасқынын жоюға азаматтарымыз да ат салысты.

РКС: Биылғы су тасқыны елдегі соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апатқа айналды. Қазақстан халқының бірлігі мен төзімділігінің арқасында тасқынының бұдан да ауыр зардаптарына жол берілген жоқ.

САБИНА ЖАМШИТОВА, КАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.