ДИКТОР: Бурабай баурайында орналасқан "Iqanat" мектебінде «Jas Qazaq» жазғы этно-лагерінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен өткен «Jas Qazaq» жазғы этно-лагері биыл төртінші рет ұйымдастырылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қандас бауырларымыз атажұрттың тарихымен танысып, салт-дәстүрін, тілін, рухани құндылықтарын бойына сіңіріп кетеді. Айта кетейік, өткен жылдармен салыстырғанда биыл демалушылардың саны біршама өскен.

РСК: Биыл «Jas Qazaq» этно-лагері Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Оңтүстік Корея және Қытай елдерінен 250-ден аса қазақ баласының басын біріктірді. Олар бірнеше іріктеуден өткен білімді де озат балалар. Қазақстанның Швецариясына айналған Бурабай еліне жазғы этно-лагерге 2 аптаға жолдама алған баланың бірі Монғолия елінен келген

СНХ: ДІНМҰХАМЕД БАҚЫТҰЛЫ, «JAS QAZAQ» ЭТНО-ЛАГЕРІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ /МОНҒОЛИЯ/: Мында келгеніме өте қуаныштымын. 2 жеті қалай өтіп кеткенін байқамай қалдым. Сол осы жерден қимай кетіп барамыз. Қаншама достар таптық. Қаншама ұстаздармен таныстық. Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресейден келген балалрмен қатты достасып кеттік. Олардың тілінде сөйлеп үйрендік.

РСК: Жоба барысында балалар ұлттық сипаттағы үйірмелерге барып қазақ халқының салт-дәстүрімен танысты. Домбыра тартып, садақ атып, асық ойнап, төрт түліктің жүйрігі жылқыға мініп шапқандар да бар. Сондай-ақ, танымдық сағаттар да өткізілді. Шекара асып келген балалардың қазақ тіліне деген құрметі ерекше зор. Қайсы бірін алсаң да, ана тілін меңгерген. Ал, этно-лагерде мемлекеттік тілге арналған арнайы сабақтар демалушылардың ана тілінде емін-еркін сөйлеуге өз септігін тигізгендей.

СНХ: ЕЛАМАН ТҰРСЫНӘЛІ, «JAS QAZAQ» ЭТНО- ЛАГЕРІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ /ҚЫТАЙ/: Қазақстанда 2023 жылы болдым. Есімде қалып қойды. Биыл осы лагерге келдім. Басқа елдің қазақтарымен таныстым. Маған өте ұнады.

СНХ: СВЕТА ҚАРАҚҰЛОВА, АТА-АНА /РЕСЕЙ/: Біз ресей елінен 22 бала әкелдік. Балалар өз әсерімен бөлісіп жатыр. Бізге қатты ұнады.

РКС: Этно-лагерде әртүрлі елден келген балалар ордаға бөлінді. Олар түрлі жарыстарда бақ сынасып, ордаға ұпай жинаған. Айта-кетейік, әр ордада 1 ұстаз болды. Олар балаларға бағыт беріп, жетекшілік етті.

СНХ: МҰРАТ ЖӘНІБЕК, «JAS QAZAQ» ЖАЗҒЫ ЭТНО-ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Күнделікті кешкі уақытта іс-шаралар ұйымдастырылды. Келген балалар 10 ордаға бөлінді. Шығармашылық және спорттық жарыстардан жарысты. Ордалардың ішінен үздіктерді таңдау қиынға соқты. Барлық балалар дарынды.

РСК: «Jas Qazaq» жазғы этно-лагерінің салтанатты жабылу рәсімінде балалар «Балбырауын» және «Адай» күйін орындады. Шара соңында балалар мен белсенді қатысушылардың ата-аналары Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, үздік орда анықталып, қатысушыларға алтын медаль тағылды.

ИНТЕРШУМ:

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ