ДИКТОР: Көкшетаудағы Білім-инновация лицей-интернатын тәмамдаған 37 түлектің 13-і шет ел университеттерінің білім гранттарын ұтып алды. Ал, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша аталмыш білім ошағы қазақстандық мектептер арасында 14-ші орынға тұрақтаған.

РКС: Бағы жанып, шет ел университеттерінің грантын ұтып алғандардың бірі - Әмір Манап. Көкшетаулық оқушы әлемдік рейтнгте алдыңғы сапта тұрған 7 шет ел университетінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Онымен қоса, Назарбаев университеті жерлесімізге толық грант ұсынған. АҚШ-тың Калифорния штатының, Канада, Торонто, Колумбия, Британия және Гонконгтың алдыңғы саптағы жоғары оқу орындарынан шақырту алған Әмір Торонтоға басымдық беріп отыр. Бірақ, бұл нақты шешім емес. ҰБТ тапсырғаннан кейін әлі де ойланамын,-дейді лицей түлегі.

СНХ: ӘМІР МАНАП, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Енді шет ел университеттеріне түскеннен кейін бакалавриатты бітіріп, магистратураны да бітіріп, сол барлық тәжірибемен Қазақстанға оралуыма жоспарым бар. Себебі, біздің елімізде биотехнология қатты дамыған жоқ. Осыған орай өзімнің үлесімді қосуға үміттенемін.

РКС: Әмір халықаралық IELTS емтиханынан 7, SAT емтиханынан 1320 ұпай жинаған. Яғни, жас дарынның шет елге баруына еш кедергі жоқ. Тілді жетік меңгерген, алға қойған жоспары айқын, қадамы нық. Бұл білім ордасының тағы бір мақтанышы Бекежан Арғын. Болашағын IT саласымен байланыстыруды көздейді. Ол шет елдің 3 универсиетінен шақырту алған.

СНХ: БЕКЕЖАН АРҒЫН, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Маған шақырту келген елдер ол Гонконг және Америка. Мен осы екі елге тапсырыс бердім. Университеттеріне. Гонконгтың 2 университетінен шақырту келді. Ал, Америкадан 1 университет. Назарбаев университетіне де тапсырдым. Одан жауап күтудемін. Негізі Гонкогтан маған тағы бір университет ұсыныс берді. Егер 126 бал алсаң, 100 процент грант береміз деген. Егер 126 бал алсам, онда Гонконгқа барамын деп ойлаймын.

РКС: Білім-инновация лицейінің жыл сайынғы түлектерінің 10 проценті шет елге оқуға түседі. Бұл, әрине, оқу ордасы үшін үлкен жетістік. «7-8 сыныптарда оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятамыз. Өйткені, қазіргі жастардың кітап бетін ашпайтыны белгілі. Ал, 9-10 сыныпқа келгенде бағыт-бағдар беріп, болашақ мамандықтарын таңдауларына көмектесеміз,-дейді Абзал Сәрсенбекұлы.

СНХ: АБЗАЛ СӘРСЕНБЕКҰЛЫ, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Білім-инновация лицейі Қазақстан бойынша мектептер арасынан 14-ші орында. Тіркеліп түсті осы рейтинг бойынша. Оған септігін тигізген, негізі, олимпиада одан кейін осы біздің оқушыларымыздың жетістіктері. Біздің ең бірінші мақсатымыз балаларға бірінші ұлттық құндылықты беру. Жалпы, енді бүкіл білімдерін бәрін осы Қазақстанға алып келу. Қазіргі тңда ол жақта оқып жатқан оқушыларымыздың көбісі Қазақстанға келіп өз білімдерінің пайдасын әкеліп жатыр.

РКС: Жалпы, шет елдік университеттерге оқуға түсетін ақмолалықтар аз емес. Олардың көбі елге оралып, Қазақстанның дамуына үлестерін қосып жатады. Дегенмен, шет елде қалып қоятындар да жоқ емес.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ