ДИКТОР: Қазіргі таңда балаға екпе салынбаса, соңы түрлі ауруларға әкеліп жатыр. Бұл мәселе ақ халатты абзал жандарды алаңдатып отыр. Биыл Ақмола облысында 14 жасқа дейінгі балалардың арасында көкжөтелдің 2 жағдайы тіркелген. Оның жиілеуі ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты болып отыр. Яғни, жыл сайын дертке қарсы екпе алудан бас тартқандардың қатары көбейіп келеді.

РКС: Алдымен балада жалпы суық тиюдің белгілері болады: мұрнынан су ағады, дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстама тәрізді болады және бірнеше рет қайталанады. Ол асқынған жағдайда өкпенің, мидың қабынуы секілді салдарға әкеледі.

СНХ: ВИКТОРИЯ ПИЧКУНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАЛАЛАР ИНФЕКЦИОНИСІ: Былтырғы жылдың мамыр және маусым айынан бастап аурушаңдықтың өсуі байқалады. Бұл ауа арқылы таралатын көкжөтел инфекциясы. Ол барлық жастағы адамдарға әсер етеді. Көкжөтел - интоксикациямен, брохолиялық аурумен және ұзақ, ауыр спазмодикалық жөтелмен сипатталады. 3 айға дейін созылады. Оны 100 күндік жөтел деп те атайды. Сәбилер арасында өте қиын өтеді.

РКС: Көкжөтел ең алдымен дене қызуының көтерілуінен басталады. Артынша, жөтел пайда болады. 1 немесе 1,5 аптаның ішінде тырысу және дірілді жөтел кезеңіне айналады. Салдарынан миға тікелей әсер етеді. Көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Көкжөтелге қарсы екпе баланың 2 айлығынан бастап, 3 және 4 айлығында үш рет салынады. Сондай-ақ, 1,5 және 6 жасар балаларға ревакциналау жүргізіледі.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКЩЕ АҚПАРАТ