ДИКТОР: Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Ақмола облысына келді. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Тиісті мамандарға салаға қатысты олқылықтардың орнын толтыруды тапсырып, азаматтардың өтініш-тілегін қанағаттандыру бағытында қолға алынған жобалармен таныстырды.

РКС: Облыс орталығында құрылыс қарқынды. Жыл сайын көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп, соның салдарынан жылумен қамту біршама бәсеңсіп отыр. Сондықтан көкшетаулықтар үшін бұл мәселе өзекті. Жұмыс істеп тұрған аудандық қазандықтардың қуаты жеткіліксіз. Сол себепті биыл облыс орталығында жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталмақ.

СНХ: АЗАТ СӘРПЕКОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ АТОМ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қағаз қазіргі таңда Ресей мемлекетінде қарастырылып жатыр. Ол жақтан да қаулы шыққаннан кейін, бұл мәселе әрі қарай талқыланатын болады. Көмір мен жаңатын болады ма, газ, отын қолданатын болады ма немесе басында көмірмен артынша газға қанша жылдан кейін көшеді және де осы техникалық, экономикалық есептер жасалғаннан кейін осы халық мүддесін қорғай отыра қандай жағдай да, қай уақытта және де қандай бағамен салынатыны белгілі болады.

РКС: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отынымен қамтамасыз етілу тиіс. Өңірге биыл жеңілдетілген бағамен 83 мың тоннаға жуық дизель отын бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ақмолалықтарды алаңдатқан тағы бір мәселе - сұйытылған газдың бағасы. Баға төмен болғандықтан, бірқатар автогаз өндірісі шығынға батып отыр. Сонымен қатар, тұрғындар экологияға зиян келмейтін электр көзін алудың балама әдістерін ұсынды.

СНХ: ТӨКЕН ІЛИЯС, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мына экологияны қорғайтын желмен шығатын тоқ бар. Ол экологияға ешқандай зиян жасамайды, желмен ғана шығады. Қазір Көкшетауда тоқтың бағасы 26 теңге. Тоқаев мырза шетелдерге барып келгенде осындай халыққа зияны жоқ, экологияға зияны жоқ энергияны салатын болды бір мемлекеттер деп айтты. Сондайды неге салмасқа?!

СНХ: ӘЛІБЕК ЖАМАУОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Экология деп жатырсыз қазір міндетті түрде сіздің телефоныңызды жазып алып. Қытайдың инвесторлары әлі де байланыста болса, олармен байланысып сөйлесеміз.

 РКС: Энергетика саласы қашан да өзектілігін жоймақ емес. Сондықтан да, тұрғындардың талап-тілегі негізінде жұмыс одан әрі жандана түспек.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ