ДИКТОР: Қоғамның әл-ауқатын жақсарту, жұмыссыздық мәселесін жою және білімнің бәсекеге қабілетті болуымен қатар, медицина саласын тиімді ету үшін цифровизация ғылымы ілгері дамуда. Облыс орталығында цифрландыру технологиясына қатысты бірқатар бағдарлама енгізіліп, іске асырылуда.

РКС: «Ақмола облысының елдімекендерін байланыс пен Интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған «Жол картасын» әзірленді. Оның аясында облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы Қазақстан Республиканың цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетімен бірлесіп бірқатар жоба жүзеге аспақ.

СНХ: БАУЫРЖАН РАПИКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 200-ге тарта елді-мекенде Талшықты оптикалық байланыс арқылы интернет жеткізіліп тұр. Құжаттар бойынша 238 ауылға талшықты оптикалық интернет тартылады деген жоспар бар. Сонымен бірге 107 елді-мекенге байланыс операторларының құбырларын орнату үшін антенна діңгектерін орнату жоспарланған. Мына республикалық трассалар «Астана-Көкшетау», «Астана-Ерейментау», «Астана-Атбасар» сондай трассалар бойында интернет байланысы мен мобильді байланыс сапасын жақсарту.

РКС: Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық технологияларды дамытуға ерекше мән берілуде. Облыстық полиция департаментімен бірлескен жаңа жобалар жүзеге асырылуда.

СНХ: ДӘУЛЕТ ШӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бұл цифрлық учаскелік инспектор. Қазіргі уақытта құжат айналымының басым бөлігі қағаз түрінде жүргізіледі. Ол учаскелік инспектордың жұмысына біршама кедергі келтіреді. Аталған жобаның мақсаты құжат айналымын цифрландыру арқылы азайту. Осылайша, уақытты үнемделіп, негізгі жұмысқа назар аударылады.

СНХ: ЖАНАТ ШӘРІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір Көкшетау қаласының аумағында стационарлық 10 дабыл түймесі орнатылған. Бұл батырмалар Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қойылған. Оны басқан бетте жедел басқару орталығымен бірден бейнебайланыс жүргізіледі.

РКС: Жергілікті атқарушы органдар мен цифрландыру және архивтер басқармасы дабыл түймесін орнату және пайдалануға беру мәселелері бойынша көмек көрсетті. Бұл аппараттар Орталық базар аумағында, Абылайхан даңғылында, «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінің жанында және Қопа көлінің жағалауы мен Юбилейный, Застанционный шағын аудандарында орналасқан. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда «Әлеуетті таксист», «Электронды қылмыстық іс», «Цифрлық полиция қызметкері», «Жаппай бейнебақылау» сияқты сандық жүйелер енгізілді.

СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, КАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ