ДИКТОР: Хаги ваги мен Киси миси. Бұл қазіргі уақытта кішкентай балғындар арасында танымалдылыққа ие ойыншықтар. Сұраныс жоғары. Сондықтан сатушылар үшін өте тиімді бизнес. Алайда осы ойыншықтардың ойын сюжетіне жүгінсен, жаға ұстарын анық. Ал, балаларға осындай ойыншық әперу қауіпті ме? Ата-аналардың пікірі қандай?  Көріңіздер.

БЛИЦ-ОПРОС: 
- Мне она не нравится, Во-первых некрасивое лицо, я считаю, что это бесполезная игрушка. 
- На психику я думаю, что вообще не влияет, потому что это просто мягкая игрушка
- В принципе ничего плохого. +++ У каждого свое отношение к таким игрушкам
- Если честно, то страшноват. Никакой симпатии не вызывают такие игрушки. И своим детям не показываю.
- В целом я не против того, чтобы дети играли различными игрушками. В любом случае игрушка есть игрушка.
 
РКС: Хаги ваги мен киси миси - Poppy Playtime балалар қорқынышты ойынының басты кейіпкерлері. Хаги Ваги есімі ағылшын тілінен аударғанда «hug»  сөзінен шыққан, бұл құшақтау дегенді білдіреді. Сценарий бойынша Хаги Ваги өлімге дейін құшақтайды, содан кейін олжасын жейді. Көк зұлым қыздың аты Киси Миси «kiss» сөзінен шыққан, сәйкесінше ол өлімге дейін сүйеді. Сондықтан Poppy Playtime ойыншысының міндеті-тірі қалу және кек құбыжықтарының қолына түспеу.  Диана Нұржанованың  4 жасар қызы бар. Ол осындай ойыншықтарға түбегейлі қарсы екенін айтады.

СНХ: ДИАНА НҰРЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қызым осы ойыншықпен 3 күн бірге ұйықтап, тіпті балабақшаға дейін бірге барды. Менің жиендерім де осындай ойыншық алып бер деп ата-аналарына лаң салғанын білемін.

РКС: Қала дүкендерін аралау кезінде мұндай ойыншықтарды сөреден көзіміз шалмады. Себебі барлығы сатылып кеткен. Сұраныстың көп екенін сатушылар да жасырмайды. Десе де, кәсіби балалар психологы қауіптің бар екенін айтады. 

СНХ: ИНДИРА БОТАНОВА, БАЛАЛАР ПСИХОЛОГЫ:  Баланың негізгі санасы 0-ден 5 жасқа дейін қалыптасады. Содан кейін біз баланың даму базасын толықтырамыз. Менің ойымша, ойыншық тәрбиелік сипатта болуы керек. Зейінді, есте сақтауды, ойлауды дамытуы керек. Бұл ойыншықта мен психолог ретінде мейірімділікті де, үйретуші де, дамытушы да көрмеймін.

РКС: Психологтың айтуынша, мұндай ойыншықтарға тыйым салу мағынасыз. Себебі 5 жасқа дейінгі балалар қоршаған ортаға қатысты өз пікірін әлі қалыптастырмайды. Алайда, ата-аналар балалардың ойыншықтары шынайы және тәрбиелік сипатта болуы керек екенін түсінуі керек.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ӘМІР КОЙШЫБАЕВ.  КӨКШЕ АҚПАРАТ