ДИКТОР: Көкшетауда «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті. Шара барысында міндетті әскери борышын өтеп келген сарбаздардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері қаралды. Олардың білімі мен білігіне, дағдыларына сәйкес еңбек нарығына бейімделуіне қолдау көрсету жолдары сөз болды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жоба 2024 жылы құқық қорғау органдары, облыстың әскери оқу орындары мен бөлімшелерінің өкілдері және өңірдің дамуына үлес қосуға дайын жастардың қатысуымен басталып, бір жыл бойы жүзеге асырылды. Былтыр оны 3 жылға ұзарту мақсатында меморандумға қол қойылды. Осы уақытқа дейін 400-ге жуық адам тұрақты жұмыс орындарына қызметке орналастырылды.

СНХ: ШЫҢҒЫСХАН ЕЛЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ NEET-САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӘНЕ КЕҢЕС БЕРУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 7 мекемемен меморандумға отырған болатынбыз. Және де «Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы кеңейтілген жұмыстар алдағы уақытқа жоспарланып, енді жүйелі түрде жастарды патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге және баулуға, соның бәріне шақырып дегендей алдағы уақытта жұмыстар жүргізетін боламыз. Осы жылдан бастап мектептегі оқитын оқушыларға да, оларға алдағы уақытта профарентация жайында жұмыстар алдағы уақытта жүргізетін болады.

РКС: Көкшетаудағы колледждер мен жоғары оқу орындарында профилактикалық, үгіт-насихат шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады. Жастар арасында құқықтық сананы, патриоттық сезімді және жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған түрлі тренингтер, лекциялар, викториналар мен интерактивті сабақтар өткізіледі.

СНХ: ӘСЕМАЙ МАНАНБАЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Мысалы біз енді оңтүстік жақтан келгеннен кейін солтүстік жаққа бейімделуіміз қиын болды. Сол кезде бізде бұл жақта жақын адамдар болмағаннан кейін кімнен көмек сұрауды білмейміз. Сол моментте біз кімге хабарласуды осы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатқан кісілер арқылы біліп жатырмыз, өз құқығымызды қорғауды үйреніп жатырмыз.

РКС: Бағдарлама қаламен ғана шектеліп қалмай, Ақкөл, Жарқайың, Жақсы, Бурабай аудандарында да жүзеге асырылуда. Өңірлерде командалық эстафеталар, тактикалық ойындар, әскери-спорттық іс-шаралар, викториналар, тарихи реконструкциялар мен оқу-әдістемелік тренингтер өткізілуде.

СНХ: ОРЫНБЕК САҒИДОЛЛА, ОБЛЫСТЫҚ «ЖАС САРБАЗ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Әскери-патриоттық тәрбие қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда әр облыста әскери-патриоттық орталықтар ашу жоспарланып жатыр. Және жастардың арасында қызығушылық тудыратын «Айбын» жастар жиыны болып есептелінеді. Себебі ол республикалық тұрғыда өткізілетін үлкен ауқымды шаралардың бірі. Биыл республикалық жарыс біздің Ақмола облысымызда, мынау Шучинск қаласының Кадет корпусының әскери полигонында өткізу жоспарланған.

РКС: Алдағы уақытта ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, әскери дәстүрлерді сақтап, оларды жас буын санасына сіңіруге ерекше мән берілмек. Заманауи өзгерістер мен мүмкіндіктерді өскелең ұрпақ дұрыс пайдалана алса, бәсекеге қабілетті, ел сенімін ақтайтын дарынды, дара тұлға болып қалыптасатыны сөзсіз.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ