ДИКТОР: Жастар арасында робототехникаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Халықаралық дәрежеде өнер көрсетіп, жүлдегер атанып жүрген жастар да баршылық. Бүгін «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионаттың облыстық кезеңіне 120-дан астам оқушы қатысты. Олар 7 номинация бойынша бақ сынасты. Жеңімпаз атанған оқушылар республикалық чемпионатқа жолдама алады.

РКС: Аталмыш чемпионатқа облыс бойынша 12 аудан, 2 қала мен мамандандырылған 3 мектептен 60 команда қатысты. Робототехника жарысы түрлі жас ерекшеліктегі оқушылар арасында өтті. Мұнда бастауыш сынып оқушылары жоғары сыныптармен бірдей, тең дәрежеде өнер көрсетті.

СНХ: АЯЖАН ҚАЙЫРЖАНОВА, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ: (БІРЖАН САЛ АУДАНЫ): Біз құрбым екеуміз «Робот сортировщик» құрап келдік. Осы робот кез келген түсті таңдап, түсіне қарай лақтырады. Біз роботты 1 жұманың ішінде мұғалімнің көмегімен жасап шықтық. Мен ойлаймын біздің робот жақсы шықты деп.

СНХ: ӘБДІРАХМАН БЕКЗАТ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ: (БҰЛАНДЫ АУДАНЫ): Менің роботым «Robotex »-деп аталады. Ол шарлардың орнын ауыстырады. Мен роботтарды жасауды ұнатамын. Өйткені олармен көп нәрсе жасауға болады. Адамдарға көмектесуге болады.

РКС: Қатысушылар чемпионатқа сан түрлі робот жасап келген. Олар сырт келбетімен және атқару функцияларымен ерекшеленеді. Жарыс ережесі де дәл солай атқару функцияларына қатысты бекітіледі. Олар жүктелген тапсырманы уақытылы және рет-ретімен орындауға міндетті. Ережеге сай орындалған тапсырма үшін, балдық ұпай беріледі.

СНХ: ЖАНГЕЛДІ СҰЛТАНБЕК, ЧЕМПИОНАТТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Әр категорияның өзінің регламенті, ережесі бар. Уақыт бойымен, баллдық есеппен есептейміз. Барлық категория кедергілерден тұрады. Роботтар әр түрлі. «Мерген» тобында роботтар кегельдерді құлату керек. Шариктармен алыс қашықтықта атамыз. «Баскетбол» роботтары сеткаға доп лақтырады. «Инверст» роботтары тек линия бойынша жүреді. Олар тек тізу сызық бойымен ғана емес, тура қиылыстар болады.

РКС: Көкшетау қаласының және Бурабай, Ақкөл мен Зеренді аудандарының оқушылары мамыр айында Астана қаласында өтетін халықаралық додаға жолдама жеңіп алды. Сондай-ақ, чемпионат қатысушыларының арасынан 1–ші және 2-ші орынға 14 команда, ал жүлделі 3-ші орынға 8 команда ие болды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ