ДИКТОР: Көкшетауда облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиында өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, қорғау және ономастика саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Жиында барысында әсіресе ономастика мәселесі қызу талқыға түсті. Аймақта әлі де идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасы жоқ атаулардың кездесетіні жасырын емес. Осы ретте қатысушылар ономастика - тарих, мәдени мұра және ұлттық идеологияны нығайтатын маңызды тетік екенін атап, оны тиісті деңгейде дәріптеу қажет,-дейді. Жалпы бүгінде аймақта бұл бағыттағы жұмыстар арнайы жол картасы аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Оның шеңберінде бұрынғы балалар теміржолы аталып кеткен саябаққа «Бәйтерек» атауын беру ұсынылғанын айта кеткен жөн.

 СНХ: НҰРТАС АХАТ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Жалпы 20-шы ғасырдағы Алаштың кемеңгерлерін ұлықтау мәселесі күн тәртібінде әлі де болса да орталықта, Президент аппаратында, мәжілісте, құрылтайда бұл мәселе толықтай болашақ үшін, жас ұрпақ үшін, қоғамдық құндылықты, мемлекетшілдік рухты жоғары деңгейде қалыптастырамыз десек, Алаш кемеңгерлерінің рухани-мәден мұрасы ол насихатталу керек деп ойлаймын.

РКС: Комиссия отырысында облыстың тарихи-мәдени мұраларының жай-күйі де сөз болды. Бүгінде өңірде 1800-ден астам тарихи-мәдени нысан бар. Олар облыстың әр аймағында жүйелі түрде зерттеліп, насихатталып келеді. Дегенмен, күні кеше ғана шағын елді мекен болған Қосшы ауылы бүгінде еңселене түскен шаһарға айналып үлгерсе мәдени-тарихи ескерткіштер саны әлі де жеткіліксіз,-дейді қатысушылар.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Енді мына Қосшы қаласында ескерткіштерге қатысты мәселе көтерілді. Қосшыда киелі жерлердің саны жоқ деп айтуға келмейді. Бұл жерде Нияз бидің ескерткіші бар, Рақымжан Қошқарбайұлына арналған ескерткіштер ашылды. Бәрі тарихтың, уақыттың еншісінде кезең-кезеңмен іскер асырылады деген ойдамыз. Жалпы Ақмола облысында тарихи-мәдени мұраларымыздың саны 1811.

 РКС: Жиын соңында қатысушылар аймақтағы киелі жерлерді зерттеу, тарихи орындарды халықтың рухани сұранысына сай дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ