ДИКТОР: Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің 71 курсанты соңғы 2 күн бойы медициналық көмекке жүгінген. Олардың 24-інен қызылша дерті анықталды. Қазір курснаттарға қажетті ем-дом Көкшетауда көрсетіліп жатыр. Ал, әскери колледж карантинге жабылды. Кадет корпусының екі студенті облыстық көпсалалы балалар ауруханасының интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Қалғандары жұқпалы аурулар орталығында емделуде. Қызылша инфекциясы анықталмаған пациенттер қазір жіті респираторлық вирусы инфекциясына қарсы ем-дом алып жатыр.

СНХ: НАРИМАН ЕРМЕК, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазір курсанттардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Олардың үшеуі жан сақтау бөлімінде жатты. Қазір олардың жағдайы орташа, интенсивті терапия, ал біреуі жалпы палатаға ауыстырылды. Дәрі-дәрмектер мен қажетті құралдардың бәрі жеткілікті. Сырқаттар ем-домды толық көлемде алып жатыр. Бұдан бөлек, кадет корпусында да стационар ұйымдастырылды. Өйткені сырқаттармен байланыста болғандардың бәрі тексеріліп жатыр. Оларға да ем-дом толық көлемде көрсетілуде.