ДИКТОР: «Көкшетау Энерго» серіктестігінің ұжымы Наурыз мерекесін атап өтті. Іс-шара жыл сайын өткізіледі. Осымен 10-ыншы рет ұйымдастырылды.
РКС: Серіктестіктің басшылығы мен кәсіподағы жұмысшылар үшін мерекелік дастархан жайды. Қызметкерлер ұлттық киім киіп, әріптестерін құттықтады.
СНХ: ГҮЛМИРА ЖОЛДАСОВА, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Наурыз мерекесі құтты болсын, Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. Кокшетау Энергода мен жұмыс істегеніме 6 жылдан асты. Бұл дәстүрлі мерекелердің барлығын осылай атап өтеміз.
СНХ: РИММА ДҮЙСЕМБАЕВА, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бүгін осындай үлкен дастархан жайылды. Міне, далада палау, бауырсақ қайнап жатыр. Біздің кәсіпорынымыз өркендеп, жақсы көрсеткіштер көп болсын, бар жақсылықты тілеймін.
РКС: Шара басында қызметкерлер кәсіпорынның әнұранын орындап, дәстүрлі шашу рәсімін өткізді. Серіктестіктің бас директоры әріптестерін Жаңа жылдың басталуымен құттықтады.
СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Әз Наурыз мерекесінің атап өтуі «Көкшетау Энерго» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік жұмыскерлерін біріктіріп, дәстүрге айналды. Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздың, бейбітшілік пен келісімнің символы. Наурыз жылдың басы, күн мен түннің теңелген уақыты. Қыс аяқталып, барша еліміз үшін гүлденген көктемнің келуін білдіреді.
РКС: Мереке кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерді марапаттау рәсімімен жалғасты. 12 қызметкер «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сондай-ақ, кәсіпорын бөлімшелеріне жаңа көліктердің кілттері табысталды. Жаңа техника қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі.
СНХ: СЕРГЕЙ КАДОЧНИКОВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ ТАЙЫНША АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бізге жаңа 6 көлік берілді. Бұл 3 манипулятор және 3 «Соболь» көлігі. Олар материалдарды тасымалдау, тіректерді түсіру, тиеу, монтаждау, мұнарада жұмысын істеуге мүмкіндік береді. Барлық жұмыстар орындалады. «Соболь» көліктері Ново-Сухотинское өндірістік-пайдалану басқармасына, Келлеровка монтаждау учаскесіне және Чкалов аймағына жіберіледі. Сондай-ақ, манипуляторлар Келлеровка, Чкалов аймақтарына және Кировское монтаждау учаскесіне жіберіледі.
РКС: Салтанатты іс-шара барысында каратэшілердің көрме қойылымы көрсетілді. Қызметкерлер дәстүрлі спорттық ойындарға да қатысты. Олар арқан тартып, қошқар көтеріп жарысып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.