ДИКТОР: Щучинск қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарына 40 пәтердің кілтін салтанатты табыстау рәсімі өтті. Бұл Президент тапсырмасы бойынша реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылған облыстағы алғашқы үй.
РКС: Рүстем Игсатов жетімдер үйінде тәрбиеленген. 2010 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған. Жаңа баспанасында енді жұбайы Венерамен тұрмақ. Қол жеткізген пәтері тұрақтылықтың бастамасы боларына сенеді.
СНХ: ВЕНЕРА ИГСАТОВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз Президентімізге, мемлекетке алғысымызды білдіреміз. Бұл бізге ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жасалынып жатқан қамқорлық пен қолдау деп білеміз. Бұл пәтер біздің жарқын болашағымыздың кепілі іспетті.
РКС: Жаңа тұрғын үй кешені бой көтермей тұрып, бұл жерде 1924 жылы салынған ескі баспана болған. Реновация бағдарламасы аясында тозығы жеткен ғимараттың орнына ауданы 2341 шаршы метр болатын 48 пәтерлі тұрғын үй салынды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысып, мұндай іс-шаралар тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын баса айтты.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл енді осы бүгінгі іс-шара, Президенттің қойып отырған үлкен тапсырмасы, әлеуметтік осал топтар жандардың жағдайларын тұрмыстарын жақсарту мәселесі. Сондықтан жаңа бағдарламалармен сатып алу тәсілімен осындай жаңа үй, жаңа баспанаға біздің азаматтарымыз ие болып жатыр. Былтырғы жылы 175 отбасы, осындай пәтер алып, қазір көріп отырғандарыңыз бұл дегеніміз өте заманауи талаптарға сай баспана, осындай мердігерлерге осындай тапсырыс беріп, өздірі сол жерден таңдап алып сіздерге осы бүгін осындай себеппен келіп отырмыз. Баспана бақыт кілті деп дана халқымыз бекер айтпайды. Осы үйлеріңізге амандық, құт береке болсын, жақсылық мол болсын, қуаныштарыңыз көп болсын. Бұл бағдарламаның ерекшелігі бар бұл жалдама пәтер емес, бұл ертен өздеріңізге меншік алуға толық мүмкіндіктеріңіз бар.
РКС: Айта кету керек, барлық жұмыс жеке инвестиция есебінен жүргізілді. Тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасы облыстың басқа қалаларында, соның ішінде Көкшетауда да қарқынды дамып келеді.
СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Өткен жылы облыс орталығында реновация бағдарламасы қолға алынған болатын. Онда 48 пәтерлі апатты жағдайдағы 6 үй сүріліп, олардың орнына бүгінде 231 пәтерлік екі көпқабатты тұрғын үй салынуда. Бүгінгі таңда 9 қабаттың 2-уі тұрғызылды. Жұмысты күзге дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар Көкшетауда үш учаскені жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. Олардың орнына 216 пәтерлік 3 тұрғын үй кешенін салу көзделуде, оларда спорт алаңдары, автотұрақтар мен абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
РКС: Ағымдағы жылы азаматтардың әлеуметтік осал санатында кезекте тұрған 150-ге жуық адам жаңа пәтерге қол жеткізбек. Олардың болашақта бұл үйлерді жекешелендіруге мүмкіндіктері бар.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.