ДИКТОР: Қазақстанның қарулы күштері жылына 2 рет толығады. 5510 әскери бөлімнің қатарына елдің 12 аймағынан 300-ден астам сарбаз қабылданды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: 5510 әскери бөліміндегі сарбаздар салтанатты түрде Отан алдындағы борышын адал өтеуге ант берді. Ақмолалықтардан басқа, Қарулы Күштер қатарын Қарағанды, Түркістан, Алматы, Павлодар және басқа облыстардан келген әскерге шақырылушылар толықтырды. Мемлекеттік ту көтеріліп, сала ардагерлері құттықтауларын жеткізді.
СНХ: МАРАТ ТАШКЕНОВ, ЗАПАСТАҒЫ ПОДПОЛКОВНИК: Құрметті сержанттар, сарбаздар, ата-аналар мен қонақтар! Бүгін осы сапта тұрған әрбір сарбаздың өмірінде маңызды күн. Армия-бұл әрбір жігітті ер азаматқа айналдыратын баға жетпес тәжіребие. Сіздер өздеріңізді мақтан тұта аласыздар. Себебі сендер абыроймен Отан алдындағы парыздарыңды өтеуге келдіңдер.
РКС: Сарбаздардың көбі орта мектепті немесе колледжді енді ғана бітірген. Олар үшін әскери қызмет – ересек өмірдегі алғашқы сынақ. Бірақ, олар әскери қызметке дайын екенін жеткізді.
СНХ: АЗАМАТ МЫРЗАҒАЛИ, 5510 БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ: Біз Қазақстан Республикасы қарулы күштердің қатарына шақыртылған сарбаздар Отанға адал қызмет етуге ант бердік. Біздің әкелерімізбен, аталарымыз әрқашан Отан алдында адал болуға ант беріп, қолына қару алып, өз Отанына аянбай қорғап келді. Біз 2024 жылдың шарқылым сарбаздары батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай «Ел-дегенде еміреніп, жұрт-дегенде жүгініп қызмет еттім»- деген нақыл сөзін санамызда сақтап, өзіміздің әскери борышымызды орындауға дайынбыз.
РКС: Сарбаздардың ата-аналары да қалыс қалмады. Алыс жолға қарамастан еліміздің түкпір-түкпірінен әскерге шақырылған азаматтардың туған-туыстары мен достары қолдау білдіріп келген.
СНХ: НҰРКАМАЛ БЕЙІСҚАНОВА, САРБАЗДЫҢ АПАСЫ /ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ/: Осы жерде жиенім Молдабаев Думан Алмасұлы міне салтанатты ант қабылдау рәсіміне келдім. Енді міне балам жаңа ант қабылдады. Отанына адал еңбек етсін. Елін, жұртын, халқын, Қазақстан елін қорғап борышын адал атқарсын.
СНХ: СӘРСЕНГҮЛ ҚАДЫРОВА, САРБАЗДЫҢ АНАСЫ /ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ/: Барша сарбаз балаларға денсаулық тілеймін.Мына беріп жатқан анттарын Алла қабыл етсін. Отан алдындағы борышын ама-есен ақтап, ата-аналарына, бауырларына оралуына тілектеспін. Барлығына сәттілік тілеймін.
РКС: Айта кетейік, ант берген сарбаздар осыдан 1 ай бұрын 5510 әскери бөлімінде оқу-жаттығуда болған. Әскери өмірдің дәмін татқан азаматтардың асыға күткен сәттерінің бірі туыстарымен кездесу. Салтанатты шарадан соң оларға ата-аналарымен кешкі сағат жетіге дейін болуға рұқсат берілді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ