ДИКТОР: Қосшы қаласындағы тұрғын үй мәселесі алдағы уақытта шешімін таппақ. Осындан бірнеше жыл бұрын зардап шеккен 500-ден астам үлескер жаңа баспананың кілтін ала алмай жүр. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов "Аманат" және "Жайлау сити" тұрғын үй-құрылыс кооперативтерімен кездесіп, заң аясында жұмыстарды кезең-кезеңімен аяқтауын тапсырды.
РКС: "Сиренивый сад" тұрғын үй кешенінінң кірпіші 2014 жылы қаланды. Мұнда үлескерлердің бірі Ирина Осипова қоныстануы тиіс еді. Қазіргі уақытта 10 тұрғын үйдің 7-уі пайдалануға берілді, ал қалған 3-уінің құрылысы әлі аяқталған жоқ. Ирина Осипованың айтуынша, тұрғындар өз қаражаттарына инженерлік желілерді тартып, кіреберістерді жөндеген.
СНХ: ИРИНА ОСИПОВА, ҮЛЕСКЕР: Біз далада қалдық десем де болады. Ақмола облысынң әкімдігінің, прокуратураның арқасында біраз үйлер пайдалануға берілді. Қазір енді міне 3 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 130-дан астам үлескер жақын арада өз пәтерлерінің кілтін алады деп сенемін. Бүгін міне бізге жобаны көрсетті. Біз өте қуаныштымыз!
РКС: Құрылыс мәселесін тез арада шешу мақсатында бірқатар компаниялармен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бірінші кезекте "Diamond Park" және "Сиреневый сад" тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Көптеген көпқабатты және жекеменшік үйлердің құрылысына жауапты "Ғаламат" серіктестігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Алдымен "Diamond Park" және "Сереневый сад" тұрғын үйлерінің құрылысы аяқталады.Себебі, қазір мұнда жұмыстар толығымен тоқтап тұр. 2 көпқабатты тұрғын үйдің ауданы 9500 шаршы метрді құрайды.
РКС: Жиын барысында жауапты компания кезекте тұрғандар келер жылы қоныс тойларын тойлайтынын жеткізді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ