ДИКТОР: 2023-інші жыл ақмолалықтар үшін жаман болған жоқ. Инвестиция көлемі өсіп, іске асқан жобалар саны айтарлықтай артты. Бұл туралы төртінші билік өкілдерінің басын қосып ауқымды жиын өткізген облыс әкімі Марат Ахметжанов айтты. Облыстың 2023 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары тақырыбында өткен брифингте өткен жылға шолу жасалып, облыстың ертеңі қызу талқыға түсті.
РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен өткен брифинте төртінші билік өкілдері сұрақтарын жарыса қойды. Журналистерді қараша халықты мазалайтын елді мекендердің жағдайы, сапалы ауыз су, жол, денсаулық және білім беру саласындағы түйткілді мәселелер алаңдатады. Мәселен, әлі күнге дейін не жолға, не жарыққа жарымай отырған ауылдардың бары жасырын емес. Марат Ахметжанов «ауылдардың жағдайын жасаймыз. Ешкімді мәжбүрлеп көшірмейміз. Ауылдарды жойып жіберу деген жоспарымыз» жоқ дейді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Көрші ауылдарға тасымалдап оқушыларды. Жағдай жасап, жол, жарық, жылу, мектеп, аурухана, мәдениет орталығын жасау. Қала мен ауылдың айырмашылығын азайту. Бұланды ауданында бұл жобаны бастамақшымыз. Және Макинск қаласында. Ауылдарды жоямыз деген жоспар жоқ.
РКС: Облыста қазақ тілді білім ошақтарының санын арттыру, денсаулық сақтау саласының сапасын жоғарылату да өзекті мәселелердің қатарында. Күні кеше облыстық ауруханада бірден 3 бала көз жұмды. Марат Ахметжанов тіркелген жағдайлардың барлығы қатаң бақылауға алынғанын жеткізді. Облыс орталығына газ тарту мәселесі де айта-айта жауыр болды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев 2027-2028 жылдары бізге де газ тартылады деп сендірді.
СНХ: ДАНИЯР ҚУАНЫШБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Газ тарту мәселесі ақырында шеліліп жатыр. Айталық, Аршалы ауданының 16 елді мекені газбен жабдықталған. Ол шамамен 17 мың тұрғын. Целиноград ауданының 4 елді мекенінің де жобасы іске асырылып жатыр. Көкшетау мен петропавл жаққа газ тарту жобасы туралы айтар болсақ, бұл мақсатқа 36 миллиард теңге бөлінеді. Энергетика министрлігі бұл жұмыстарды 2027-28 жылдары аяқтауды көздеп отыр.
РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов алдағы жылдарға құрылған жоспарлармен де бөлісті. Біздің өңір үшін ұтымды болып келетін бидай, дәнді дақылдар, ет, сүт өнімдерін өндіру сұрақтары қашан да басты назарда. Айталық, биыл 7 сүт-тауар фермасын салу көзделген. Ол үшін үкіметтен 15 миллиард теңге жеңілдетілген несие бөлініп, екі фермаға асыл тұқымды сиырлар жеткізілген. Құрылыс саласында аяқсыз қалған жобалар аз емес. Мәселен, соңғы 3 жылда бірнеше нысанның құрылысы қайта жүргізіліп, оған жоспарланбаған 61 миллиард теңге кеткен. Ал, ол қаражат басқа әлеуметтік салаларға жұмсалуы керек еді, - дейді облыс әкімі. Сондықтан, Марат Ахметжанов әр салаға бөлінген ақшаға мұқият болып, жұмыстың қашан да сапалы орындалуын басты назарда ұстайтынын жеткізді.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ