ДИКТОР: 5 желтоқсан – халықаралық волонтерлер күні. Еріктілер қоғамдағы мұқтаж жандарға көмектесіп, түрлі қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетіп келеді. Осыған орай облыс орталығында еріктілермен кездесу өтті. Олардың бірқатары алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

РКС: Ең белсенді еріктілер бірнеше номинациялар бойынша марапатталды. «Мейірімді жүрек Lider.kz» қорының жетекшісі Ирина Катухова 2023 жылдың үздік волонтері атанды. «Жас волонтер-2023» номинациясы бойынша «Феникс» еріктілер орталығының өкілі Даниал Жағупар жеңіп алса, «Кәсіби волонтер» аталымында «Лутошкиндер отбасы» бастамашыл тобының мүшесі Марина Лутошкина жеңімпаз атанды.

ИНТЕРШУМ: марапаттау

РКС: Көкшетаулық Омар Бекин 16 жасынан бастап волонтерлік қызметпен айналысады. Еңбек жолында ол мемлекет басшысының қолынан «Шапағат» және «Халық алғысы» марапаттарына ие болды. Ол өз командасымен бірге биыл «Білімге жол» және «Золотые миски» жобаларын іске қосты.

СНХ: ОМАР БЕКИН, «ФЕНИКС» ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазіргі уақытта біздің оқу орындарында 12 филиалымыз бар, Астана қаласында, Щучье қаласында филиалымыз бар. Бізде сан алуан мақсаттарға бағытталған – аға ұрпаққа көмектесу, жас ұрпаққа көмектесу сияқты көптеген жобалар бойынша жұмыс жасаймыз.

РКС: Еріктілер 9 бағыт бойынша өз қызметін жүзеге асырады. Олар «Білім», «Сабақтастық», «Асыл мұра», «Qamqor», «TazaÁlem», «Үміт», «Сайлық» Өңірдегі мұқтаж жандарға барлығы 3600-ден астам ерікті көмек көрсетуде.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, “ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ” ФРОНТ-ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ: 2000-ға жуық іс-шара өткізілді, оның ішінде 807 аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттері берілді. 60-қа жуық ардагерге көмек көрсетілді. Іс-шаралар «Qamqor» және «TazaÁlem» аудандарында өтуде.

РКС: Жалпы облыста «Мейірімді жүрек Lider.kz», «Lider.kz», «Феникс», Қазақстан студенттерінің Альянсы және Қызыл Жарты ай қоғамы сияқты волонтерлік ұйымдары жұмыс істеп тұр. Және олардың жұмысы келесі жылы да жалғасады.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТЛЕУҒАБУЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.