ДИКТОР: Абылай ханның 310 жылдығы, Ақан серінің 180, Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына орай «Жігіт сұлтаны» өңірлік байқауы өтті. Сайысқа еліміздің түкрпір-түкпірінен келген сегіз қырлы бір сырлы 14 жігіт қатысты. Әрқайсысы өз қабілеті мен дағдыларын көрсетіп, қазылар алқасын таң қалдыруға тырысты.
ИНТЕРШУМ
РКС: «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес». Жігіттер шеберліктерін, күшін, тапқырлықтары мен төзімділіктерін көрсетуі керек. Байқаудың әр кезеңінен сүрінбей өтіп, «Жігіт сұлтаны» атану үшін азаматтар барын салды.
СНХ: АСХАТ МАҒАУИН, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бұл ұлттық сайыс. Бірнеше жыл бойы облыстық деңгейде ұйымдастырып келеміз. Жалпы, конкурсқа Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Қарағанды қаласынан келген жігіттер қатысуда.
РКС: Байқаудың алғашқы күні шығармашылық кезеңнен басталды. Қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетті.
ИНТЕРШУМ
СНХ: АЙБЫН УӘХИТОВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Павлодар облысындағы Ақкөл-Жайылма ауылынан келдім. Бұған дейін байқауға қатысып, «Жігіт сұлтаны» атандым. Енді, міне, облыстық деңгейде бағымды сынау үшін келіп отырмын. Қазақтың мықты, батыл жігіттері барын көрсеткім келді.
РКС: Жігіттерді қолдап туған-туысқандары мен достары келді.
СНХ: АЙЖАН КӘРІМОВА, КӨРЕРМЕН: Біз Павлодардан Айбынды қолдау үшін келдік. Оған сәттілік тілейміз. Біз оған сенеміз және мақтанамыз. Жеңіспен оралғымыз келеді.
РКС: Екінші кезеңде қатысушылар жамбы ату, аударыспақ, армрестлинг және қазақ күресі сияқты спорттық жарыстарда өз дағдыларын көрсетті.
СНХ: УӘЛИХАН ҒАЛИЕВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мықты-мықты жігіттер келді. Облысымыздың 4 өңірінен келді. Ақмоладан 10 жігіт қатысуда.
ИНТЕРШУМ: аударыспак
РКС: Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық Айбын Уәхитов гран-при иеленді. Оған 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы «Білікті жігіт» номинациясы мен 300 мың теңгенің сертификатын көкшетаулық Қадыр Дәурен жеңіп алды. Ал Ақан сері атындағы «Өнерлі жігіт» номинациясына Екпін Тоқтар ие болды.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ