ДИКТОР: Ақмолалық волонтерлер Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жұмыстарын бастады. Бүгінде 30-дан астам адам қабылдау пунктіне келіп, қажетті киім-кешектер мен заттар тапсырған. Ал ұлттық еріктілер желісі мен «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігі 13 миллион теңге жинады.

РКС: Көкшетаудағы гуманитарлық көмекті қабылдау пункттері кешкі сағат 6-ға дейін жұмыс істейді. Онда тек волонтерлар ғана емес, сондай-ақ жастар ресурстық орталығының мүшелері де еңбек етуде. Ақмолалықтар бұл науқанға белсенді түрде қатысып жатыр,-дейді олар. Бүгінде зілзаладан зардап шеккендерге қажетті заттар толтырылған 100-ге жуық қап жиналды.

СНХ:ДИДАР ХАМЗИН, «ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ӨҢІРЛІК ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ МАМАНЫ: Бұл қор облыстық қана емес, жалпы республика деңгейіне шығуда. Оның өзі ұлттық волонтерлік желінің қолдауымен өзімізге ыңғайлы каспи төлемдері, қызыл ай қоғамдық бірлестігі арқылы ақы аударуға болады. Сондай-ақ, тұрғындар керек болады деген заттарды әкеліп, арнайы кабинеттерге тапсыра алады.

РКС: Бүгінде зілзаладан зардап шеккендерге қаржылай көмек те көрсетіліп жатыр. Онымен «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігі айналысады. Қазіргі уақытта ақмолалалықтар 9 миллион теңгеден астам ақша жинаған. Бұл жұмыс әлі де жалғаспақ.

СНХ: АСХАТ УӘЙІСОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ» ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Каспий және Халық Банктері арқылы қаржы жиналып жатыр. Қосымша арқылы, немесе Қызыл Жарты ай қоғамының ресми сайты арқылы толықтыруға болады. Жиналған қаражат Түркия мен Сирияның Қызыл Жарты ай қоғамына жіберіледі. Сол жердің өкілдіктері ол ақшаны қалай жаратады, өздері шешеді.

РКС: Қазіргі уақытта палаткалар, генераторлар мен жылыту құралдары, көрпелер қабылданып жатыр. Ал қаржылай көмек көрсетемін деушілер үшін бірыңғай қайырымдылық есепшоты бар, соған аударуға болады.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.