ДИКТОР: Өлімнен кейінгі өмір. Бұл мәселеде ең алдымен донорлық қызмет маңызды роль атқарары сөзсіз. Қазақстанда трансплантация әлі де күрделі. Оған бірнеше себеп бар. Ең алдымен денсаулық сақтау жүйесіне қоғамдық сенімнің деңгейі төмен. Екіншіден, халыққа бұл мәселеде ақпараттың жеткіліксіздігі. Өлімнен кейінгі өмір сыйлауға мәдени мен діни дәстүрлердің ықпалы да әсер етуде.

РКС: Ағзаны өлтіріп алмай, тірі адамның денесіне кіріктіру терең білімділікті, жоғары дәлдікті және мұқият дайындықты талап етеді. Қолайлы донор мен реципиентті таңдау да маңызды аспектінің бірі. Өйткені, донор мен реципиенттің тамырларының диаметрі де сәйкес келуі тиіс.

СНХ: ЛӘЗЗАТ ӘШІМОВА, ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІ: Донор қайтыс болғаннан кейін келісім негізінде жүрек, өкпе, бүйрек, теріні, көз жанарының қабыршағын және бауырды алуға болады. Ең алдымен келісім керек. Оны да кез келген адам өз қалауынша жазады. Мысалы кей адам жүрегін беріп, бүйрегі мен бауырын қалдырғысы келуі мүмкін. Қай органын беріп, қайсысын қалдыратынын өзі таңдайды. Нақты донор түскен кезде республикалық орталыққа арнайы ақпарат жіберіледі. Одан соң олар басқа орталықтарға таратады. Ол дегеніміз жүрек орталығы, бауыр мен бүйрек алмастыратын орталық болуы мүмкін. Бізде ана мен бала орталығы да бар. Бір бүйрек міндетті түрде баласына қалдырылады. Ең алдымен балалар қарастырылады, содан кейін сәйкес келетін реципиенттер таңдалады.

РКС: Өлімнен кейінгі донорлықта діни нанымдар маңызды роль атқарады. Белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көптеген конфессия органды алмастыруды қолдайды. Бірақ, соған қарамастан бірқатар дінге сенушілер донорлық қаншалықты олардың дініне сәйкес келетініне сенімсіздік танытып жатады.

СНХ: ВАЛЕРИЙ АНФЕРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕПАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРМАНЫҢ ХАТШЫСЫ: Трансплантологияны пайда көзіне айналдыру деген мүлдем болмауы шарт. Ақша жүрген жерде адамдарға қатысты заңсыздық әрекеттердің де орын алу қаупі жоғары. Яғни, донорлық органды алып-сатудың элементі ретінде қарастыруға болмайды.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Бүгінгі таңда 4 мыңнан астам қазақстандық донорлық орган кезегінде тұр. Оның 100-ден астамы 18 жасқа дейінгі балалар. 3700-ге жуық адам бүйрегін алмастыру кезегінде. Бауыр донорлығына 180, жүрек трансплантациясына 137 адам мұқтаж. 18 адамға өкпесін ауыстыру қажет.

ГРАФИКА:

ДОНОРЛЫҚ ОРГАНДАРҒА КЕЗЕК - 4112 АДАМ

БҮЙРЕК: ЕРЕСЕКТЕР - 3671, БАЛАЛАР - 85

БАУЫР: ЕРЕСЕКТЕР - 180, БАЛАЛАР - 10

ЖҮРЕК: ЕРЕСЕКТЕР - 137, БАЛАЛАР - 6

ӨКПЕ: ЕРЕСЕКТЕР - 18

РКС: Кез келген адам өмірден өткеннен соң донор бола алады. Ол үшін үйде отырып-ақ келісім жазуына мүмкіндік қарастырылған. Мобильді қосымша немесе электронды үкіметтің веб-сайты арқылы келісім беруге немесе бас тартуы туралы ақпаратты толтыруға болады.

СНХ: АНТОН ЖУК, ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ БОЙЫНША СТАЦИОНАРЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІ: Egov электронды үкіметінің қосымшасына тіркеліп, денсаулық сақтау санатына кіресіз. Ол жерде әр адам тірі кезінде органын беруге келісімді немесе одан бас тартуды таңдай алады. Одан соң бұл ақпарат жалпы тізілімге енгізіледі. Оны ешкім көрмейді, өйткені ол ақпарат жабық, яғни оған ортақ қолжетімділігі жоқ. Тек оны бас орталықтан бірнеше адам ғана көре алады. Бұл тағдыр. Ажал айтып келмейді деген қағида бар. Сондықтан, ешкім мәңгілік емес. Осыны түсініп, қазірден бастап дұрыс таңдау жасап қою қажет деп есептеймін.

РКС: Халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттыру маңызды. Органдар заңға сәйкес және этика талаптарын сақтай отырып қолданылатынына сенімділік азаматтардың донорлыққа келісім беру туралы шешіміне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҮЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ