ДИКТОР: Статистикаға сүйенсек, әлемдегі әрбір 10-шы адам қандай да бір аутоиммунды дерттен зардап шегеді. Бүгінде сырқатты емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдісі көп.

РКС: Аутоиммунды ауру - бұл иммундық жүйенің адам денесін сыртқы патогендер мен қауіптен қорғаудың орнына ағза жасушалары мен ұлпаларына кездейсоқ шабуыл жасауының нәтижесі. Қалыпты жағдайда иммундық жүйе организмді инфекциялар мен аурулардан қорғайды. Бірақ, иммунитет әлсіз болған кезде ол өзінің жасушаларын бөтен жасушалар ретінде қабылдайды. Бұл аурудың пайда болу себептері әлі толық зерттелмеген.

СНХ: ДӘМЕЛІ ӘБДІРАХМАНОВА, УЧАСТКЕЛІК ПЕДИАТР: Көпшілік бұл генетикалық бейімділік, сыртқы факторлар және экологиялық фактордың әсері деп жүр. Бұл темекі шегу және қоршаған ортаға да байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, жүктілік кезінде жатқызады. Себебі, ол кезде әйелдің организмінде гармондық өзгер болады. Салдарынан осы дертке душар болудың қаупі 2 есе жоғарылайды. Бактериялық инфекцияларға байланысты болуы мүмкін екенін де айта кету керек.

РКС: Сырқаттың ортақ белгілері ауру түріне және зақымданған органдарға байланысты өзгеруі мүмкін. Алайда, кейбір ортақ белгілері де бар.

СНХ: СЕРГЕЙ РОМАНОВ, УЧАСТКЕЛІК ПЕДИАТР ДӘРІГЕРІ: Ортақ белгілері әлсіздік, салмақ жоғалту. Бұл сырқаттанушының денсаулығына байланысты. Бірінде ас қорыту жүйесінде, ал екіншінің буындары ауырса немесе жүрегі сыр берсе онда әрқайсысының белгілері әр түрлі болуы мүмкін. Аутоиммунды аурулар - соматикалық немесе аутоиммунды диагностиканы талап ететін дерттердің бірі.

РКС: Бүгін өңірде аутоиммунды аурулардан зардап шегушілер санының біршама өскені байқалады. Мамандар аталған санаттағы сырқаттар диагностикалау мен емдеудің кешенді тәсілін талап ететінін айтады. Егер адам әлдебір себепсіз бойында делсалдық байқаса, дереу маманның көмегіне жүгінуі тиіс.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ