ДИКТОР: Биыл облыс аумағына шегіртке қаптайды. Сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Одан қалды, ақбөкендерден де төнер қауіп көп. Қазіргі таңда олардың 7 аудандағы саны 219 мыңнан асып кеткен. Бұл туралы «Аmanat» партиясының облыстық филиалында өткен жиында айтылды. Дөңгелек үстелде көктемгі егіс науқанына қатысты түйткілді мәселелер талқыланды.

РКС: Биыл облыс бойынша 5,2 миллион гектар алқапқа дәнді-дақыл сіңірілмекші. Дәнді және бұршақ дақылдары 4 миллион гектардан астам аумаққа себіледі. Майлы дақылдар өткен жылға қарағанда 202 мың гектарға 400 мың гектарды құрайды. Егіс науқанына 38 мыңнан астам ауыл шаруашылық техникасы жұмылдырылады. Барлығын жоспарға сай орындау көзделген. Дегенмен, аграрилердің жұмысына шегірткелер біршама қиындық туғызуы мүмкін.

СНХ: ЕРКЕШ ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өткен жылы шегірткелердің қаптап кетуі Қостанай, Ақтөбе және тағы бірнеше облыстардың фермерлеріне айтарлықтай қиындық туғызған. Енді біздің облысқа да қауіп төне ма деп алаңдаулымыз. Сондықтан, биыл бюджеттен 343 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Конкурс өткіздік, оны Түркістан облысынан «Сәтті түлік» ұтып алды. Өңдеу жұмыстарын маусым айының ортасында өткіземіз, қазір мониторингтік шаралар жүргізіліп жатыр.

РКС: Үйірлі шегірткелермен күресті бақылау үшін облыста және аудандарда жедел штаб құрылған. Ауыл шаруашылығы саласындағы тағы бір өзекті сұрақ – дақылдарға ақбөкендерден келетін зиян. Олардың көптігінен аграрилер шығынға ұшырайды. Бұл фермерлер үшін үлкен мәселе.

СНХ: ЕРКЕШ ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ауыл шаруашылығы кешендеріне үлкен залалын тигізіп жатыр. 22-жылы 7 миллиард теңгеге зиян келтірген болатын. 140 мың гектардағы егінді басқан болатын. Биылғы жылы сол мәселені қазір көтеріп жатырмыз. Осы мәселеден шығудың бір ол осы егістіктерді страховать ету деп есептейміз. Енді қандай да бір көлемін осы шаруашылықтарға үкімет төлесе жағдай жақсарады деген өзіміз ойымызда.

РКС: Бұл сұрақ мемлекеттік деңгейде шешімін тапқан жоқ. Ал, фермерлер наразылық білдіріп отыр. Өйткені, олар ақбөкендерден тек зиян көруде. Мамандар шұғыл арада шара қолдану қажет,-дейді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ