ДИКТОР: Бір жылға жуық уақыттан бері Қазақстанда «Қарызсыз қоғам» кең ауқымды әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Оның қызметі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және несиелік жүктемені азайтуға бағытталған. Биыл бұл бастамаға Ақмола облысының 17 ауданы қосылды. Әлеуметтік жоба аясында облыстың 8 мыңнан аса тұрғынын қамту жоспарлануда.

 РКС: Қазақстанда 2 миллионға жуық адамның несиесі 90 күннен аса мерзімде төленбеген. «Қарызсыз қоғам» жобасының ең маңызды міндеті – қарыздық жүктемені азайту және проблемалық несиелер мәселесін шешу. Қаржылық сауаттылық курстарынан басқа, нақты сұраныстар бойынша да көмек көрсетіледі. "Аманат" кешінің алаңына екінші деңгейлі 6 банктің өкілдері жиналды.

СНХ: ДӘУРЕНБЕК ЖҮСІПОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ МЕНТОРЫ: Біз Қаржы нарығын дамыту агенттігінің, жобамыздың заңгерлерінің, Экономикалық тергеу департаментінің, жеке сот орындаушыларының қатысуымен жиын өткізіп жатырмыз. Өйткені халықтың көкейінде жүрген сауалдар көп. Олар өз міндеттемелерін төлегісі келеді. Бірақ құқықтық мәселелер бар, банктерге сұрақтар бар. Біз олардан несиелерді қайта құрылымдауды және өтеудің ыңғайлы кестесін беруді сұраймыз. Өйткені несиені қайтармау мәселенің шешімі емес. Бұл банктерге де, қарыз алушылардың өздеріне де тиімсіз. Осы жоба аясында бүгін біз бірінші кеңейтілген отырысты өткізіп жатырмыз. Соның аясында тыңдаушыларымыздың сауалдары өз шешімін табады деп сенеміз. Оң шешім қабылданса, оны облысымызда кеңейтеміз.

РЗК: Айта кету керек, бұл жобада несие бойынша қарызы бар азаматтарға заңгерлік көмек көрсету де қарастырылған. Біржан сал ауданының 10 тұрғынына жоба студенттерінің несиелік ұйымдар өкілдерімен пилоттық кездесуге қатысу мүмкіндігі берілді. Олар бұған дейін қаржылық сауаттылық курстарын аяқтаған.

СНХ: КӨКТЕМГҮЛ НҰРМАҒАМБЕТОВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫСЫ (БІРЖАН САЛ АУДАНЫ): 15-ші сәуір аралығында біздің ауданымызда «Amanat» партиясы бағдарламасы «Қарызсыз Қоғам» қаржылық сауаттылық бағдарламасы курсына қатыстым. Бұл курста еліміздің халықтың қаржылық сауаттылық қалай иегеру керек екен танып білдік. Көп мәлімет алдық. Қазір елімізде көбінесе халқымыз қарызға батып кеткен. Содан қалай шығу жолдарын үйретті бізге. Соған қатысып, көп мәлімет алдық.

РКС: Кездесуде тұрғындар заңгерлер мен банк қызметкерлерінен көптеген кеңес алды. Мамандармен бірге несиені оңтайлы өтеу стратегиялары әзірленді. Айта кету керек, «Қарыз қоғам» жобасының тағы бір мақсаты – барлық оқу орындарында қаржылық сауаттылық курсын енгізу.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ