ДИКТОР: Бұланды ауданында орналасқан өсімдік май зауыты «Бота 2015» серіктестігінің қолдауымен құрылған. Жоба құны 4 миллиард теңгеден асады. 2022 жылы іске қосылып, толық өндірістік қуаттылығын арттыра түсті. Кәсіп орын жергілікті 80 тұрғынды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.
РКС: Күнбағыс, зығыр, рапс майын өндіретін өндіріс ошағы ішкі нарықтың сұранысын өтеп қана қоймай, 4 бірдей мемлекетке өз өнімдерін экспорттап отыр. Зауыт жылына 150 мың тонна жикізатты өңдейді.
СНХ: ОЛЕГ КУДРЯВЦЕВ, «БОТА 2015» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тәулігіне 600 тонна шикізат өңделеді. 80 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырмыз. Орташа жалақы 250-260 мың теңге.
РКС: Зауыт заманауи құрылғылармен жарақталған. Жұмысшылардың жұмысы жеңілдеп, толық автоматтандырылған. Май өңдеу желісі компьютер арқылы бақыланып, реттеліп отырады.
СНХ: МЕЙІРЖАН ӨТЕШОВ, ОПЕРАТОР: Бұл зауыт толық автоматтандырылған. Мен сұйық май өндірушінің қызметін атқарамын. Бұл зауытта ашылғалы бері істеймін. Бәрі автоматтандырылған, бірдеңе болған жағдайда әр нәрсе компьютерде біріліп тұрады, дыбыс арқылы. Сол арқылы біздер операторларға айтамыз. Сосын соны қарап жөндейді. Жұмыс жақсы
РКС: Зауыттағы 2 цехтың бірінде шикізат өңделсе, екіншісінде май өндіріледі. Жұмыс 2 ауысымда жүргізіледі. Әр ауысымға шамамен 7 жұмысшы жұмылдырылған.
СНХ: ЕВГЕНИЙ КУЗНЕЦОВ, ШИКІЗАТ ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ: Мен шикізатты дайындау операторы ретінде шикізаттың қалай келіп дайын өнім болып қоймаға жеткізілуінедейін қадағалап отыруым керек. Сол кезде жұмыстың сапасы жоғарлап, өнім қуаттылығы да артады. Бір ауысымда шамамен 200-230 тонна шикізат өңдейміз.
РКС: Зауыт теміржол вагондарынан бастап түрлі техникалық көліктермен қамтамасыз етілген. Өсімдік майын өңдеу барысында шикізат қалдықтары малға жемазық ретінде қолданылады. Тіпті оны отын ретінде де пайдалануға болады екен.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ