ДИКТОР: Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесі мен үй маңын кәріз суы басқан. Сасық иіс мүңкіп тұр. Қаланың қақ ортасында орналасқан көпқабатты үйге кіріп-шығу қиындық туғызып отыр. Амалы таусылған тұрғындар әкімшіліктің табалдырығын тоздыра мезі болды.

РКС: Әуезов көшесінің бойындағы кәріз құдығы аз уақыт ішінде толып қалады. 1 жылға жуық бұл мәселе шешімін таппаған. Кәрізден аққан ағынды лай су жертөлеге толып, үй маңына да жайылып кеткен. Пәтер иесі кооперативімен бірге тұрғындар жауапты органдарға арызданғанымен, олардан еш қайыр болмай тұрғанын айтады.

СНХ: АЙГҮЛ САҚЫПОВА, «СОЮЗ» ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл мәселе бірнеше жылдан бері оң шешімін таппай жүр. Себебі, қалалық су арнасы өз міндеттеріне салғырттық танытуда. Тамыз айының 28-інен бастап үйдің асты суға толып, сыртқа шығып тасып жатыр. Жауапты мекемеге аптасына бірнеше рет хабарласам, жалығып кеттім. Себебі еш өзгеріс жоқ, тіл қатпайды. Қабатқа көтерілмек түгілі, үйдің маңынан өту мүмкін емес. Іші-сырты кәріз суына толып тұр. Сасық иістен тұншығуға болады. Бірінші қабатта тұратын адамдардың көпшілігі демікпе дертіне шалдыққан.

 РКС: Тұрғындар қысы-жазы жертөлені өз қажеттіліктерін сақтайтын қойма ретінде пайдаланып келген. Саяжайларында өсірген көкөніс-жемістерін үйде қоятын жер болмаған соң осында қоятын. Ал енді кәріздің мүңкіген иісі сіңіп кеткен азық-түлікті алып шықпақ түгілі, жертөленің ішіне кіру мүмкін емес.

СНХ: ЛЮБОВЬ КУЛИКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қызылша, қырыққабат, сәбіз осының бәрін тізе бүкпестен жаз бойы күтіп, өсірген еңбегіміз ғой. Енді оны лақтырып жіберуден басқа амал жоқ. Пайдалануға жарамсыз. Бірінші қабатта тұрамыз. Жағдайымыз ауыр.

РКС: Мұхтар Әуезов көшесінің бойындағы 182-ші тұрғын үй кәріз құбыры суының ортасында қалып отыр. Тұрғындардың аяқ басар жері қалмаған.

СТЕНДАП: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Кәріз су шайындылары жүретін жолды жайлап алғаннан. Үй тұрғындары осындай шағын дуалдарды аттап өтуге мәжбүр. Енді бұған жас балалар мен жеткіншіктердің қауқары жеткенмен. Қарт адамдардың жайы не болмақ?

БЛИЦ: Көпқабатты үйдің тұрғындары

--- Проблема какая ребенок со школы не может подайти не с этой, не с этой староны. Когда ребенок возвращаешься это все подмерзает вот и опасно для жизни моего ребенка. Почему социальные службы, наш акимат этим не занимаеться?

--- Канализация начала протикать в подвал. Поэтому мы просим что бы эту проблему решили соответствующие органы.

--- Если «Су арнасы» не может решить эту проблему, пусть тогда решают с рукаводством «Су арнасы». Меняйте руководителя если у них ничего нету. Пусть акимат береться за эту проблему конце да концов. Долго нам мучаться?

РКС: Осындай мәселеден зардап шегіп жатқан қала тұрғындары мен кәріз жүйелері жөндеу көрмеген көшелер аз емес. Жауапты мамандар кәріз құдықтарын шамамыз келгенше тазалап жатырмыз деп отыр. Жығылған үстіне жұдырық, техника ескірген. Бар жоғы 3 сорғы техникасының екеуі істен шыққан. Сол себепті жұмысты уақытылы атқару мүмкін емес. Оған маман тапшылығын қосыңыз,-дейді сала мамандары. Мәселенің шешілуіне тірелген тұстары да бар.

СНХ: ҚАЗБЕК СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Қазір коллектор толып тұр. Кәріз жүйесі үлкен су ағыны келетін сағаттарда фильтрдан суды өткізіп үлгермейді. Қазір суды өткізу процесі төмен. Гагарин көшесміндегі №1 кәріз сорғы станциясындағы сорғыны жаңартпайынша, мәселе шешілмейді. Оны өз күшімізбен шешу мүмкін емес. Бәрі қаржыға келіп тіреледі.

РКС: 2019 жылы кәріз құбырларын жаңғырту туралы жоба әзірленген. Оған сәйкес Юрий Гагарин көшесінің бойындағы диаметрі 500 миллиметрлік кәріз құбыры тартылуы керек еді. Сонымен қатар №1 кәріз сорғы станциясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс болатын. Дегенмен бұл жоба бүгінге дейін қолға ланыбаған. Сонымен қатар тозығы жеткен кәріз жүйелеріне жаңадан бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлер де қосылуда. Осының бәрі онсыз да ушығып тұрған мәселені одан сайын күрделендіре түсуде.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ