ДИКТОР: Ақмола облысының жастары арасында авторлық жобалар көрмесі өтті. Шараның мақсаты - экологиялық бастамаларды анықтау және қолдау. Сонымен бірге түрлі салаларда экологиялық жобаларды әзірлеп, енгізу. Көрмеге 14 пен 35 жас аралығындағы мектептер мен колледждердің оқушылары қатысты.
РКС: Мұндай ауқымды көрмеде пікірлестер арасында қызықты қарым-қатынас орнатылады. Шығармашыл жастар арасында білімдерімен алмасып, жаңа таныстық пайда болады. Көрме бұл үдеден шыға алды.
СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Көрмеде іріктеліп алынған 15 жобаның ішінен 3 жоба үздік деп танылды. Бірінші орынға 250 мың, екінші орын 200 мың теңге берілсе, үшінші орынға 150 мың теңге бөлінді. Ешкім құр алақан қайтпайды. Барлық қатысушыларға сыйлықтарымыз бар. Мұндай іс-шараларда ең бастысы жастар өзара танысып, әрі қарай да аралас-құралас болады. Қазіргі жастар өте интеллектуалды және шығармашылыққа бейім.
РКС: Мұндай жобалар бизнес, ғылым және тәуелсіз мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты коммуникацияны дамытуға оң ықпал етеді. Өз жобасын ұсынған қатысушылардың бірі - Көкшетау жоғары техникалық колледжінің студенті Николай Курило.
СНХ: НИКОЛАЙ КУРИЛО, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Егер әркім бұл жобаны ілгерілететін болса, онда жақын арада экологиялық жағдай елде де, бүкіл әлемде де жақсарады деп ойлаймын. Ағынды сулар алдымен тұндырылады. Одан соң құм тұтқыш арқылы өткізіледі. Барлық ірі қоқыс сол жерде қалады. Сөйтіп, тазарту құрылғысына келеді, коагулянт араласады. Жобамда осы мәселені жан-жақты ашқым келді.
РКС: Айта кету керек, биыл экологиялық жобалар жинағын шығару жоспарланған. Ол жыл сайын жаңа идеялармен толықтырылып отырады.
СӘНИЯ ЖАҢБЫРШЫ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ