ДИКТОР: Жер телімдерін ала алмай жүрген кәсіпкерлер, ауылдарына жол төсеп, кәріз жүйесін ретке келтіруді көздеген тұрғындар. Облыс әкімі Марат Ахметжановтың қабылдауында болған азаматтар бірнеше түйткілді мәселені ортаға салды. Кейбір сұрақтардың шешімі қаражатқа келіп тірелсе, енді бірі уақыттың еншісінде. Қабылдауға келгендердің арыз шағымдарын тыңдаған өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар міндет жүктеді.

РКС: Марат Ахметжановтың қабылдауына келген Целиноград ауданының тұрғыны Амангелді Шушиев өзіне тиесілі 250 гектар жерді ала алмай жүргенін айтады. Белгілі болғанындай, «Шалқар» серіктестігінің өкілдері сонау 2005 жылы өздеріне тиесілі жерді тиісті мақсатта қолданбаған. Сәйкесінше, игерілмей қалған жер үкіметке қайтарылды. Арада қанша жыл өтсе де, шағымданушылар Шалқар ауылындағы жердің үлескерлері екенін дәлелдей алмай отыр.

СНХ: АМАНГЕЛДІ ШУШИЕВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қағаз жүзінде бар, іс жүзінде жоқ жер. Кім бізге берді. Ол жер қайда?

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Хаттамаға сәйкес жер телімін беріңіздер.

РКС: Ал, Қоянды ауылы тұрғындарының атынан келген азаматтар ауылдастарын алаңдатып отырған бірнеше мәселені ортаға салды. Ауылда балаларға арналған ойын алаңын салу, жолдарды жөндеу, автобус аялдамаларын орнату – бұл бүгінгі күні өзекті болып отырған сұрақтардың бір бөлігі ғана.

СНХ: АЛУАЙ БАХЫТ, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

РКС: Ауылда кәріз жүйесі тартылмаған. Сәйкесінше, тұрғындар ай сайын ассенизатор шақыруға мәжбүр. Оның қызметі де арзан еместігі мәлім. Осылай деген ауылдықтар биліктен көмек сұрайды. Облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев бұл мәселе қалаларда да бар, сондықтан, ауылдықтарға кезек жақын арада келмейтінін жеткізді. Қояндылықтар жергілікті полицейлердің жұмысына да шағымдануда. Айтуларынша, тәртіп сақшылары өз міндеттеріне салғырт қарайды. Марат Ахметжанов бұл сұрақты шешуді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Фархат Омаровқа тапсырды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ