ДИКТОР: Ақмолалық диқандар көктемгі егіс науқанына дайындықты пысықтап жатыр. Олар биыл өткен жылғыдай мол өнім жинаудан үмітті. Былтыр өңірде ауыл шаруашылығы саласында 1 трлн. теңгеден астам өнім өндірді. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Сала мамандары бұл соңғы 10 жылда аграрлықтардың рекордтық өнім алуының арқасында екенін айтып отыр.

РКС: Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі аграрлық сектордың дамуына байланысты екенін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде мал шаруашылығында 190 мың тонна ет өнімі өндірілді. 100-ге жуық ет және оннан астам сүт фермасы ашылған. Жергілікті диқандар 5,5 млн тонна астық жинап, қамбаға құйды. Бұдан бөлек, көктемгі егіс науқаны да жақындады. Оған үкімет тарапынан 74 мың тонна жанар-жағармай бөлінген. Техникалық база жаңартылып, тауар өндірушілерге субсидия беру мәселесі де толықтай қарастырылған.

СНХ: МЕДЕТ ДОСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Биыл алдын ала жасалған құрылым бойынша 5,2 миллион гектардан астам алқапқа көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдары 4,7 миллион гектар алқапқа себіледі.

РКС: Сондай-ақ, 368 мың гектар алқапқа майлы дақылдарды егу жоспарланған. Көктемгі егіске облыс дәнді және бұршақ дақылдарының тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Мемлекет тарапынан тұқым шаруашылығына да, тыңайтқыштарға да қаражат бөлінді. Жергілікті шаруа жоғары өнімділікке қол жеткізу сапалы тұқымға тікелей байланысты екеннін атап өтті.

СНХ: АЗАМАТ ШАТАЕВ, «ҚОЗҒАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мал шаруашылығымен қатар егістікпен айналысамын. Арпа өсіремін. Өндіріске үнемі жаңашылдық енгізіп тұруға тырысамыз. Оның ішінде техника да бар. Бұдан қалды басқа да бізбен қатар фермерлермен араласып, өзара ойымызды бөлісіп, тәжірибе алмасып тұрамыз.

РКС: Алда басталатын көктемгі егіс науқанына дайындық қызу. Жергілікті шаруалар биыл да мол өнім алудан үмітті.

АИДА ХАМИТОВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ