ДК: Өз заманында «Көмекей әулие» атанған Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына биыл 355 жыл. Осыған орай Көкшетау қалалық үлгілі кітапханасында «Өлең сөздің- данасы, шындықтың шырақ анасы» атты конференция ұйымдастырылды. Оның барысында көреген қайраткердің әдеби мұрасы талқыланып, жыраулық дәстүрдің қалыптасу кезеңдері баяндалды.

РКС: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі шараға әдебиеттанушылар, тарих ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері атсалысты. Шараның көздегені- Бұқар жыраудың бейнесін, мұрасын жас ұрпаққа насихаттау.

СНХ: ЖАНАР АЙТҚОЖИНА, ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚ ҮЛГІЛІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұқар жырау тарихи тұлғамыз, оның бейнесін, әдеби мұрасын жас ұрпаққа насихаттап, келер ұрпақтың өз елін, жерін сүйіп халқының ұлттық болмысына ойлауға ықпал ету және ұлт әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру.

РКС: Іс-шара барысында қатысушылар «Бұхар жырау толғауларындағы тарихи шындық», «Бұқартану тарихының мәселелері» және «Жыраулық дәстүр қалыптасуының тарихи кезеңдері» тақырыптарында шағын баяндама дайындапты. Бүгінге дейін жеткен мағлұматтарға талдау жасады. Ал жиынға келген студенттер жыраудың толғауларынан үзінділерді жатқа оқыды. Сондай-ақ, Бұқар жырау рухына жазылған арнауды көпшіліктің назарына ұсынды.

ИНТЕРШУМ: Бұқар жырауға арнау

СНХ: ТАЛАПКЕР УӘЛИЕВ, ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР МАГИСТРІ:  Бұрынғы қазақ және түркі халқының жыраулар дәстүрінің белді өкілі. ++01:14 Сыртқы,ішкі саясатқа араласқан маңызды қайраткер деп айтуға болады. Мысалы, Абылай хан тұтқынға түскен кезде билер бірге Абылайды азат етуге атсалысқан адам. Сонымен қатар хан мен батырлардың арасында алауыздық, түсініспеушілік болған кезде Бұқар жырау, Үмбетей сынды жыраулар ішкі тәртіпті, тұрақтылықты қамтамассыз еткен тұлғалар.

РКС: Ойшыл дана Бұқар жырау ерлікті дәріптеген жыршы және жерін басқыншылардан қорғауға үнін қоса білген үлкен тарихи тұлға. Ұйымдастырушылардың айтуынша өскелең ұрпаққа алып тұлғалардың қасиеттерін дәріптейтін шаралар легі жалғаса бермек.

АИДА ХАМИТОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ