ДИКТОР:Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биыл облыстық бюджеттен 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның тек 2 миллиардтан астамы игерілді. Оған себеп республикалық қаражаттың уақытылы бөлінбеуі. Өңірде төрт түлік малдың қауіпті аурулары таралуының алдын алу және бақылауға қатысты қандай шаралар жүргізілуде? Тілші баяндайды.

РКС: Аймақта 400 мыңға жуық ірі қара және 600 мыңға жуық ұсақ мал бар. Сондай-ақ 260 мыңға жуық жылқы, 200-ден астам түйе және 37 мың шошқа бар. Зертханаларда бруцеллез және басқа да қауіпті мал ауруларын диагностикалау үшін зерттеуге ірі қара малдан 480 мың қан сынамасы тексерілді. Сондай-ақ 650 мыңға жуық ұсақ малдың қан сынамасы қаралды.

СНХ:ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 3 350 бас шошқа, 130 түйе, 298 жылқы және 656 бас ит зерттелді. Олардың қанында бруцеллездың возбудителі жоқ. Және біз туберкулезге бүкіл малдарды зерттейміз. 362,6 мың бас ірі қара мал зерттеліп, жоспардың 102 % құрады. Ауырған мал жоқ. Былтырғы жылы бір, екі, үш жағдай шығып жүрсе, биыл туберкулезден малдар аман деп айта аламын.

РКС:Ветеринария саласы мамандарының жалақысы өткен жылмен салыстырғанда 30 процентке өсті. Қазір ол 200-220 мың теңге шамасында. Алайда өңірде кадр тапшылығы сезіледі. Осы салаға жас мамандарды тарту үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Келесі жылы жалақыны 300-350 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.

СНХ:ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 19 ветстанциямыз бар. Сол ветстанцияларда штат бойынша 772 маман жұмыс істеу керек. Қазіргі уақытта 619 маман жұмыс істеп жатыр. Ол қажеттіліктің 82 пайызын ғана жабады. Өздеріңіз білесіз біздің салаға жастар асықпайды, келе қоймайды. Қазіргі уақытта менің ойымша пенсиядағы адамдардың 5 пайызы деп айтуға болады. Және орта жасымызда өте үлкен ол ұлғайған жастағы адамдар орта есеппен 55 жаста.

РКС: Облыстың елді мекендерінде 201 мал қорымы бар. Оның 8-і үлгілі және 193-і қарапайым.

СНХ:ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз биыл бюджеттік заявка жасадық. Бізге облыстық бюджеттен 7 осындай типтік мал қорын салуға ақша бөлінді. Қазіргі таңда сол мал қорындары салынып жатыр.

РКС: Шешілмеген мәселенің тағы бірі - қаңғыбас иттер. Заңнамаға сәйкес, оларды жоюға тыйым салынған. Аймақта адамдарға шабуыл жасаған фактілер де бар. Құтыру ауруы әзірге тіркелген жоқ. Биыл қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу үшін облыс бойынша 97 млн.теңгеге жуық қаражат бөлінді. Алдағы уақытта оларды уақытша ұстайтын 3 орын салу жоспарланып отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ