ДИКТОР: Жақсы ауданы, Лозовое селосының тұрғындары он жылдан бері жергілікті серіктестікпен соттасып келеді. Өйткені, 20 жылдай өздеріне тиесілі жер үшін дивидент алып келген халық 2014-жылдан бері еш пайда көрмей отыр. 10 жылда базыналарын айтып Жоғарғы сотқа дейін барған. Бірақ баяғы жартас, сол жартас,-дейді олар.

РКС: Жақсы ауданының 250-ден аса тұрғыны тоқсаныншы жылдардан 2014-ке дейін «Түгел С» серіктестігінің құрамында болған. Ал, 2014 жылы жеріміздің серіктестікке өтіп кеткенін білгенде жаға ұстадық,-дейді. Жер телімдерін сатып алдым дегенмен серіктестік басшылығы ешкімге бір тиын да төлемеген. Сол 250-ден қалған қырық шақты үлескер 10 жылдан бері 3 мың гектардан астам жерін даулап келеді.

СНХ: ДУЛАТ ЖАНҰЗАҚОВ, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз қол қойған жоқпыз. Договор жасаған жоқпыз о купле-продажи. Сатылуы туралы білмедік те. Соны нотариустан алдық. Құжаттарды дәлелдеп, заңдастырып алдық. Сот заңдастырып берді бізге. Енді жерді бөлініп шығуға бізге бермей жатыр. Сонымен соттасып жүрміз.

РКС: Тұрғындар 2017 жылы Жоғарғы сотқа жүгінген. Ондағылар аудандық соттың шешімін тексере келе, сату-сатып алу туралы екі жақты келісімнің болмағанын, сәйкесінше аудандық сот шешімінің қате екендігін растаған. Одан бері 7 жыл өтсе де ауылдықтар жерлерін қайтара алмай әлек. Заң біздің жағымызда деген халық жергілікті әкімдік серіктестіктің сөзін сөйлеп отыр деп дабыл қағуда. Ал, әкімдіктегілер тек Заң аясында әрекет етеміз,-дейді.

СНХ: ЖАДЫРА ӘБІЛҚАСЫМОВА, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Арыз берушілер «Түгел С» серіктестігіне барып, шартты түрде олардікі болып есептелетін жердің аумағын анықтаулары тиіс. Өтйкені, бұл жерлер қазіргі таңда серіктестіктің меншігі. Яғни, үлестерін жер теліміне ауыстыру керек. Одан кейін өндірістік бағдарлама, өтініш керек. Жер Кодексінің 48-ші бабына сәйкес өтінішті жер комиссиясы қарастырады. Егер комиссия мүшелері жерді қайтару туралы өтінішті қанағаттандырса, әкімдік шешім шығарып, жалға беру туралы келісім-шарт жасалады. Ал, ондай келісім жасау үшін бізге әр арыз берушінің жер аумағын анықтау керек.

РКС: Бұл соттың соңғы отырысы емес. Мәселенің нүктесі қашан қойылары да белгісіз. Қарапайым халық соттың табалдырығын тоздырып жүргенде олардың жерін заңсыз иемденіп алған серіктестік жыл сайын дән сіңіріп, сол жерден пайда тауып келеді. Бұған дейін де талай отырысқа қатысқан тұрғындар әлі де болса алыспай беріспейміз деп отыр.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ